Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Омикрон" жұқтырғандардың жартысынан көбінде кездесетін белгілер аталды

"Омикрон" жұқтырғандардың жартысынан көбінде кездесетін белгілер аталды

Бангладештегі омикрон штаммын жұқтырған науқастардың төрттен үші (73 пайызы) мұрыннан су аққанына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме беріп хабарлайды.
Бангладештегі Денсаулық сақтау Бас басқармасының ресми өкілі профессор Назмул Ислам бас ауруы науқастардың 68 пайызында байқалды, пациенттердің 64 пайызы әлсіздік сезінген. Сонымен қатар, осы штамммен ауырған адамдардың кем дегенде 60 пайызы жиі түшкіретіндерін айтса, 44 пайызы жөтелге шағымданған.

"Біз бұл белгілерге назар аударуымыз керек, өйткені олар маусымдық тұмаудың белгілері сияқты", – деді Ислам.
Омикрон штаммы немесе B. 1.1.529 қараша айында Ботсвана мен Оңтүстік Африкада табылды. Мамандардың айтуынша, онымен вакцинацияланған адамдар да ауыруы мүмкін. Жаңа штамм 110 елде, соның ішінде Қазақстанда анықталды. Ол алдыңғы "дельта" штаммына қарағанда тезірек таралады.
Еске салсақ, пандемия кезінде әлемдегі ең көп халқы бар Бангладеште 1,7 миллионға жуық коронавирус инфекциясы анықталды.
24 қаңтар 2022 ж. 416 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 215

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930