Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “ПСЖ” Мессиге 50 млн. еуро жалақы ұсынбақ

“ПСЖ” Мессиге 50 млн. еуро жалақы ұсынбақ

"Барселона" Мессимен келісімшартты ұзартпайтынын мәлімдеді.
«Пари Сен-Жермен» аргентиналық шабуылдаушы Лионель Мессиге ұзақ мерзімді келісімшарт ұсынды. Бұл туралы журналист Никола Скира өзінің «твиттер» парақшасында жазды.
Дереккөзінің хабарлауынша, париждіктер ұсынған келісімшарт мерзімі 2024 жылға дейін созылады және бір маусым үшін 50 миллион еуродан төленеді. Сондай-ақ, «ПСЖ» футболшылары Неймар мен Анхель Ди Марияның Мессиді өз клубына өтуге үгіттеп жатқаны айтылды.
Еске салсақ, 5 тамыз күні «Барселона» Мессимен жасалған келісімшартты ұзартпайтынын мәлімдеген болатын. Бұл испан лигасындағы қаржылай және құрылымдық кедергілермен байланысты.
Месси «Барселонаның» негізгі құрамында 2005 жылдан бері ойнап келеді. Оның католиндік клубпен келісімшарты маусым айының соңында тоқтады. Соңғы маусымда футболшы 35 матч өткізіп, 30 гол соқты.
07 тамыз 2021 ж. 559 0

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 92

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031