Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Илон Масктың спутниктері БҚО тұрғындарын шошытты

Илон Масктың спутниктері БҚО тұрғындарын шошытты

Батыс Қазақстан облысында Ақсай қаласының тұрғындары америкалық Илон Маск SpaceX корпорациясы орбитаға шығарған ғаламдық интернет жүйесіне арналған 60 Starlink спутнигінің ұшырылғанына куә болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қала тұрғыны Светлана Соловьева аспанда белгісіз шарлар қозғалған уақытта ол құрбысымен бірге аулада болғанын атап өтті.
"Түнгі сағат он жарымдар шамасында біз аспанда жарқыраған шарларды көрдік. Олар екі қатарға орналасып, әрқайсысында 30 данадан болып, Оралдан Ақтөбеге қарай бағытта жылжып кетті", - деді ол "Мой город" басылымына.
Куәгерлер шарлар пайда болып, кенеттен жоғалып кеткенін атап өтті. Алайда не болып жатқанын бақылап отырғандардың бірі аспандағы шарлардың қозғалысын камераға түсіріп үлгерді.
Кейінірек Ақсай қаласының тұрғындары өз қалаларының үстінде НЛО емес, американдық миллиардер Илон Маскқа тиесілі SpaceX американдық корпорациясы орбитаға шығарған ғаламдық интернет жүйесінің 60 Starlink спутнигі ұшқанын білді.
Жоба сәтті жүзеге асырылған жағдайда, жоғары жылдамдықты Интернет әлемнің қазір қол жетімсіз бөліктерінде пайда болады. Илон Маск орбитаға 12 мың спутник шығаруды жоспарлап отыр.
23 мамыр 2021 ж. 1 159 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 121

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031