Үздік бес басылым

The Guardian – Ұлыбританияда күнделікті шығарылатын ұлттық басылым. Бұрын «Манчестер Гвардиан» деген атпен белгілі болған басылымды кәсіпкер Джон Эдвард Тайлор құрған. Scott Trust Limited иелігіндегі газет қазіргі таңда Guardian Media Group құрамына кіреді. Бұл медиа топқа халықаралық және желілік тармақтар бар. Еншілес ұйымдарға Guardian Weekly және Observer жатады. Сонымен қатар theguardian.com интернет-басылымы және екі халықаралық веб-сайт, АҚШ-тағы және Австралиядағы жеке сайттарда күн сайын жаһандық жаңалық таратумен айналысады.
Газеттің күнделікті орташа таралымы 204222 дананы құрайды. 2012 жылы газеттің интернет-басылымы желідегі оқырмандар саны бойынша бесінші орынды иеленді. Guardian жыл сайынғы ұлттық газет атағын 4 рет – 1999, 2005, 2010 және 2013 жылдары алды. Сонымен қатар газет 2006 жылы Дүниежүзілік газет дизайны сыйлығын алды.

Wall Street Journal 4 миллион дана таралым бойынша АҚШ-тағы кез келген газетті артта қалдырады. Сондай-ақ 1996 жылы іске қосылған Wall Street Journal-дың интернет нұсқасын оқуға мүмкіндік бар.
2007 жылға қарай газет сайты 980 000 жазылушысы бар ең ірі ақылы жаңалықтар сайтына айналды. Өзінің бүкіл тарихында газет ең бағалы сыйлық Пулитцерді 30 рет жеңіп алды.
New York Times – Нью-Йоркте 1851 жылдың 18 қыркүйегінен бастап үздіксіз шығып келе жатқан және New York Times компаниясына тиесілі күнделікті газет. «Сұр ханым» деген лақап атқа ие болған бұл газет ұлттық бұқаралық ақпарат құралдары мен индустрия арасында өзінше рекорд орнатты. «Барлық жаңалық баспаға лайық» деген бұл басылымның ұраны әлемге танымал.
The New York Times басылымы Америка Құрама Штаттарында алдына Wall Street Journal-ды жіберіп, екінші орынға жайғасқан. Әлемдегі барлық газеттер арасында таралымы бойынша 39 орын алады. Бұл басылым Пулитцер сыйлығын 117 рет алған. Ол осындай жаңалықтардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш.

Сонымен қатар Гонконгта, АҚШ-та және Еуропада филиалдары бар. Дүйсенбіден сенбіге дейін үздіксіз басылады. Қытайдағы шетелдіктерге және ағылшын тілінен білімдерін жетілдіргісі келетін жергілікті тұрғындарға арналған. Редакторлық саясаты қытай тілінде шығатын басқа газеттерге қарағанда біршама еркіндігімен ерекшеленеді. Басылымның онлайн-нұсқасы 1995 жылдың желтоқсанында іске қосылды және үш түрлі тілде – ағылшын, қытай және француз тілдерінде қол жетімді. Бұл Қытайдағы алғашқы ірі интернет-газет.
Zaman – Түркиядағы ағылшын тілінде шығатын күнделікті газет. Онда ұлттық жаңалықтар, халықаралық іскерлік мақалаларға орын қарастырылған. Заман газеті 1986 жылы құрылып, 1995 жылы Түркиядағы алғашқы интернетті қамтыған күнделікті газет болды. Заманның редакциясы Ыстамбұлда орналасқан. Осы қалада басқа елдер үшін арнайы халықаралық нұсқасы шығарылады. Олар 11 елде басылып, 35 елде таратылады. Түрік газетінің тілшілері мен бюролары әлемнің көптеген астаналары мен қалаларында, мысалы, Вашингтон, Мәскеу, Франкфурт, Нью-Йорк, Брюссель, Каир, Ашхабад, Бухарест және Ташкентте орналасқан.
Байқағанымыздай көш бастап тұрған басылымның барлығы да ағылшын тілінде жазылады. Көп таралымы мен он мыңдаған оқырман санының азаймауына осы тілдің ықпалы зор екені айқын.
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ