Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Байден америкалықтарға 1,4 мың доллардан төлеуді ұсынды

Байден америкалықтарға 1,4 мың доллардан төлеуді ұсынды

АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байден америкалықтарды әлеуметтік қолдау үшін 1,4 мың доллардан төлеуді ұсынды , бұл туралы Корреспондент.net жазды.
Джо Байден пандемиядан зардап шеккен елдің экономикасын ынталандыру жөнінде ұсыныстарын таныстырды. Ынталандыру шараларының пакеті 1,9 трлн долларды құрайды. Оның ішінле тұрғындарды әлеуметтік қолдау шаралары да қарастырылған. Мұнда салық төлеуші ел тұрғындарын 1,4 мың доллар көлемінде әлеуметтік төлеммен қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл төлем ел Конгресі өткен жылдың желтоқсанында бекіткен 600 доллардың үстінен қосылып төленеді.
Байден сонымен қатар, төменгі айлық жалақыны сағатына $15 долларға дейін көтеруге, жұмыссыздарға төленетін жәрдемақыны ұлғайту мәселесін көтерді.
Құжатқа сәйкес, 350 млрд доллар штаттардың жергілікті билікті қолдауға бағытталмақ. Шағын бизнесті де қолдау қарастырылған.
Байден 50 млрд долларды тұрғындарды коронавируске тестілеуге, 20 млрд долларды вакцинациялауға жұмысауды ұсынды.
Өткен жылдың соңында Трамп 2021 жылдың бюджетін бекіткен болатын. Оның жалпы сомасы 900 млрд долларды құраған.
baq.kz
15 қаңтар 2021 ж. 2 838 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930