Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ну, погоди!» авторларының бірі өмірден өтті

«Ну, погоди!» авторларының бірі өмірден өтті

Орыс жазушысы, драматург, «Ну, погоди!» мультсериалы авторларының бірі Александр Курляндский 82 жасында өмірден өтті. Бұл туралы 21 желтоқсанда оның жақын досы, жазушы Александр Лебедев мәлімдеді.

Менің досым және серіктесім Александр Ефимович Курляндский қайтыс болды, - деп жазды Лебедев өзінің Facebook-тегі парақшасында. 
Жазушының қайтыс болу себептері көрсетілмеген.
Александр Курляндский 1938 жылы 1 шілдеде дүниеге келген. Орыс жазушысы, сатирик және драматург, сценарист, балаларға арналған кітаптардың авторы. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері (2007), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988). «Ну, погоди!» мультипликациялық сериал авторларының бірі. Ол «Великолепный  Гоша» (10 шығарылым) және «Возвращение блудного попугая» (3 шығарылым) мультфильмдерін жарыққа шығарды.
«Возвращение блудного попугая» мультфильмінің басты кейіпкерлері - тотықұс Кеша, мысық Василий және Клара атты қарға туралы ол  кейіннен төрт повесть жазған. Олар «Вы не были на Таити?», «А нас и здесь неплохо кормят!», «Прелестно!» және «Попугай Кеша ищет клад» деп аталды.

21 желтоқсан 2020 ж. 2 689 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 69

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930