Сән деген – мына мен
Сұлулыққа жаны құмар әйел заты Коко Шанель есімін жақсы біледі. XX ғасырдағы сән индустриясына жарқын қадамдармен бет бұрған даңқты дизайнердің өмірі кім-кімді де қызықтырмай қоймайды. Сән анасы жиырмасыншы ғасырда туылып, осы ғасырмен бірге өсті, тың идеяларын жүзеге асырып, жаңашылдығы арқылы нәзік жандылар санасына төңкеріс әкелді. Адамзат тарихындағы ықпалды 100 адамның тізіміне енген тұлғаның өмірі, шынында, шығармашылығындай мінсіз, мұңсыз болды ма?
Кедейлік салтанатқа қарама-қайшы емес
Толық есімі – Габриель Бонёр Шанель – «CHANEL» сән үйінің негізін қалаған француздық дизайнер. Шанель тарих беттерінде шынайы, нағыз еңбекқор әйел ретінде қалғанымен, өзі туралы кереметтей миф ойлап тауып, өле-өлгенше тұйықтығы мен құпиялығынан таймай кеткен деседі. Жасын, әулетін, дүниеге келген жері, шыққан ортасы, білімі жайлы сырды әрдайым жасырын ұстаған. Тіпті бұл тақырып туралы жақын құрбылары мен сезімін білдірген серілері де білмеген.
Өзін «ғасыр құрдасымын» дейтін Шанель жиырмасыншы ғасыр есіктен енгенде он жеті жаста болған. Осы он жеті жылды ұдайы құпия ұстап, еске алмауға тырысуын өмірі туралы зерттеушілер сүреңсіз тірлікті өткізуімен ұштастырады.
Ол сұхбаттарында бақытты балалық шағы өткен буржуаздық отбасын, тәлімді тәрбиені, сарайлардағы кездесулер жайында жиі әңгіме қозғағанымен, мұның барлығы өзі ойлап тапқан оқиғалар еді.
1883 жылдың 19 шілдесінде Францияның орталығындағы Сомюр атты кішкентай қалашықта дүниеге келген Коко Шанель өмірінің бастапқы бөлігі сән мен гламурдан тым алыс. Анасынан ерте айырылған 12 жасар қаршадай қызды қыдырма саудагер болып жұмыс істейтін әкесі жетімханаға тапсырады. Сонда 5 жылын өткізеді. 1902 жылға дейін Коко монах әйелдерінің тәрбиесін алады. Қызығушылығының алғашқы баспалдағы осы жерде қаланады. Себебі пірәдар әйелдер тігін тігуді үйретеді. Сәнгердің: «Кедейлік салтанатқа қарама-қайшы емес» деген жолдары өз өмірінен түйген түйіні болса керек.
Жетімдер үйінен шыққаннан кейін бойжеткеннің еңбек жолы басталады. Мулендегі «Au Sans Pareil» атты шұлық сататын дүкенде жұмыс істеген ару сатушылық жалақыны місе тұтпай, тұрмысын түзеуді мақсат етеді. Ашық, еркін, ойындағыны толық жеткізуге бейім бойжеткен өзін әншілік қырдан сынап көрмекке бел буады. «Тәуекелшілдік өмірді жандандыра түседі», – дегенді айтқан Шанель Коко лақап атын «Viсhy & Moulins» аталатын кабарелердің сахнасына шығып, әнші болуға талпынып жүргенде иемденді. Бұл оның сүйікті әндері «Ko Ko Ri Ko» және «Qui qua vu Coco» деп аталатынымен байланысты.
Қара көйлектің құпиясы
Габриельдің махаббат хиқаясы сәтсіз болады. Деректердің бірінде ешқашан тұрмыс құрмағаны айтылса, екіншісі аз уақыттық жұбайлық одақ сәтсіз аяқталғанын жазады. Бір қызығы, сәнгердің атын әлемге әйгілеген қара көйлектердің құпиясы осы оқиғамен ұштасады.
Коко кабареде ән шырқап жүріп, беделді француз ақсүйегі Этьен Бальзанмен танысады. Ес-түссіз ғашық болған Этьен сұлуға көп қолдау білдіріп, асыл арманының жүзеге асуына көмегін көрсетеді. Алайда бойжеткен оған емес, ақсүйектің досы Артур Капельге бұйырады. Екі жас бір-бірін құлай сүйгенімен, бақыттары ұзаққа бармайды. Артур жол апатынан қаза табады. Қалыңдығы бұл оқиғадан кейін, ешкімге тұрмысқа шықпайды. Білетіндердің айтуынша, Шанель өмір бойы Артурды жоқтап өткен. Өзі ылғи да қазалы киімді киіп жүре алмағандықтан, күллі әйел қауымын қараға киіндіріп қойған. Соңына: «Әрбір әйелдің кемі бір қара көйлегі болуы керек», – деген сөзді қалдырған өнертапқыш сән саласына өзгеріс әкеліп, бұрын тек қайғылы кезде киілетін киімнің кешкі басқосуларға, сыйлы орындарға әсемдік қоса алатынын дәлелдейді. Әйелдер аксессуарларына байланысты бұл кішкентай қара көйлекті кешке де, күндіз де кие бастайды. 1926 жылы американдық «Voguе» журналы киімнің түрінің тиімділігі мен танымалдығына байланысты оны “Ford” автомобиліне теңейді.
Коко сынды көрікті келіншекке көңіл білдіргендер қатары көп болған. Үміт еткендер арасында ақсүйектер, патша отбасының мүшелері, белгілі шығармашылық адамдары, атақты суретші Пабло Пикассо, танымал орыс сазгері Игорь Стравинский, орыс князі Дмитрий де болған. Дмитрий ғашығына Камбон көшесіндегі сән үйін ашуға көмектескен.
Он жыл бойы сезімін білдіріп жүрген герцог Вестминстерский үйлену туралы ұсыныс айтқанында Коко: “Герцогиньдер көп, ал Шанель жалғыз”, – деп жауап берген екен. Оның: «Ер адамның өмірінде бір-ақ әйел болады, қалғандары сол әйелдің көлеңкесі», – деген пікірі, мүмкін, мәңгілік ұстанымы болды ма, кім білсін?..
Кәсіпкерлік көкжиегі
Ғұмыр бойы жар құшып, бала сүю бақытынан бас тартқан Шанель саналы уақытын өз ісін өрістетуге арнайды. Алғаш Париж қаласында 1910 жылы ашылған дүкені тек әйелдер бас киімін сатумен айналысса, кейіннен сауда қатарлары Дэвилла және Биаритца жерінде жалғасып, қалпақтардың жанына киімдер де қосылды.
Коконың ойлап тапқан ең алғашқы бұйымы – ескі свитерден жасалған көйлек болған. Мүсініне қона қалған ерекше киімге таңқалысқан жұрттың: “Мұндай киімді қайдан алдыңыз?” – деген сұрағына ол: ”Сізге де жасап берейін”, – деп жауап қатады.
1920 жылдары Шанельдің бизнесі жаңа белеске өрлейді. Бұл кезеңде көпшілік «Chanel №5» иіссуының жеке маркаларын танитын. Алғаш рет синтезделген иіссудың шығуы XX ғасыр адамдары үшін үлкен жаңалық әкеледі. Себебі оның хош иісі бірде-бір гүлдің иісіне сәйкес келмеді.
“Сіз түнде не киесіз?” деген сұраққа атақты Мэрилин Монро: “Нөмір 5-Шанельден аздап себемін”, – деп жауап берген екен. “5”-ті Коко Шанель “ең сүйікті саным” деп есептейді. Себебі оның өміріндегі көптеген жетістіктер осы санмен байланысты. «Chanel №5» хошиісінің аталуы авторға қатты ұнаған нұсқаға орай қойылған. Бір қызығы, «Chanel №5» 1921 жылдың 5 мамырында көпшілікке ұсынылды. Ал қазір әлемде 30 секунд сайын бір данасы сатылатын өнім ешқашан трендтен түспеген.
Революцияшыл әйел қыз-келіншектер гардеробына тұңғыш ерлердің элементін ендіргенімен де ерекшеленеді. “Шанель костюмдері” атты жакет пен белдемшеден тұратын жинақ сәнгердің есімін одан әргі әйгілей түседі.
Коко киімдері нәзік жандылар қауымының ыңғайсыз корсеттер мен көпірмелі белдемшелерден бас тартып, ыңғайлы, жайлылықты саналарына сіңірді.
Өнер жұлдыздарының арасында да үлкен сұранысқа ие өнімдерімен Ballets Russes, Жана Коктоның сахналық бейнесіне айрықша рең береді.
Көпшілік сөмекені иыққа тағу, келте шаш үлгісі, қысқа етекті көйлекті алғаш болып ұсынған Шанель екенін біле бермейді.
Сөмкені иыққа тағыну – Коко Шанельдің негізгі идеясы. 1954 жылы: “Мен радикюльдерді қолда ұстаудан шаршадым, сонымен қатар оларды жиі жоғалтамын“ – деп айтты. Нәтижесінде 1955 жылдың ақпанында халықтың назарына өзінің жаңа өнімі – әйелдерге арналған сөмкені паш етеді. Аталмыш аксессуар тіктөртбұрышты болды және алқа түрінде жасалған баудан тұрды.
Мадемуазель ылғи да мойнына қайшы іліп жүруді әдетке айналдырған. Осы дағдысы екі бірдей идеясына бастамашы болады. Шанельдің көңілінен шықпаған киімдерді кез келген уақытта қырқып салатын әдеті бар екен. Бірде газет таратып жүрген әйелдің ыңғайлы болуы үшін етегін шалбарына салып қойғананын көрген кезде «Неге ұзын етекті ыңғайлы, қысқа етіп кеспекке?» деген ой келіп, онысын жүзеге асырады.
Бір жолы айнаға қарап тұрады да, қолындағы үлкен қайшымен шаштарын кесіп тастайды. Келесі күні Париждің сәнқұмар сұлуларының бәрі де осындай шаш үлгісімен көшеге шығады.
1923 жылы Коко бір круиздық саяхат кезінде денесін күнге тым күйдіріп алады. Бұдан сәл уақыт бұрын Канн қаласына көрсетілімге шақырылып қойған ол өзінің күйген терісіне қарамастан, аталған орынға баруға бел буады. Бұл көріністі көрген адамдарға табиғи өзгеріс бірден ұнап, кейіннен әйелдер денелерін қошқылдата күйдіреді. Күнге күйген терінің сәнге айналуы осылайша Шанель кезінен бастау алады.
Жоғалтқан уақыт немесе қайта оралу
1930 жылдары орын алған халықаралық экономикалық дағдарыс Шанельдің бизнесіне әсер етпей қоймады. Дабысы алысқа жеткен дүкендер жүйесі мен сұранысқа ие сән үйі 1939 жылы жұмысын тоқтатады. Бұл кезең сондай-ақ Францияда II дүниежүзілік соғыс алауы тұтанған уақытпен қатар келеді. Соғысты сәнге арналған уақыт емес деп санайтын сәнгер сол тұста неміс офицері Ганс Гунтермен байланыс орнатады. Офицер мадамға «Ritz» қонақ үйінде қалуға рұқсат береді. Шанельдің бұл әрекетін әбестік санаған көпшілік офицермен болған махаббат қатынастары үшін айыптап, түрмеге жабады. Аталмыш айыптан соң Коко Парижді уақытша тастап, бірнеше жыл Швейцарияда тұрады.
Ал Шанельдің сән әлеміне қайта оралуы жетпіс жасымен тұспа-тұс келеді. Сыншылар модельерге оң қабақ танытпағанымен, әйелдер қауымы оны жылы қарсы алады. Коко көп ұзамай күллі әлемді қайта жаулап алды да, сүйікті ісін өзгерістермен байытуын әрмен қарай жалғастырды. Ойлап тапқан жаңа сөмкелері, зергерлік бұйымдары, аяқ киім топтамаларымен бірге шыққан жартылай жүн матадан жасалған тар юбка, тоқыма, алтын түймелермен безендірілген жағасыз жакет, «Шанель» костюмі сол заманның бейнесіне баланады.
1971 жылдың 10 қаңтарында 87 жасында атақты модельші Риц отелінде қайтыс болады. Жүздеген адам жерлеу рәсіміне «Chanel» костюмімен келеді. Мүрдесі Швейцариядағы Лозанна қаласында жерленген марқұмның құлпытасының үстінде бес арыстан бейнеленген.
1983 жылы «CHANEL» сән үйінің басқарушысы және негізгі дизайнері Карл Лагерфельд болады. Париж қаласында Комбон көшесінде орналасқан сән үйі әлі де жұмысын жалғастыруда. Қазіргі таңда брендке 100 процент иелік Коконың іскер серіктесі Вертхеймер отбасына тиесілі.
«Барлық әйел сұлу болып тумайды, ал 30 жасқа дейін әдеміленбесе, оның жай ғана ақымақ болғаны», – деген Шанель өмірден озғанымен, оның табынушылары мен үлгі тұтушылар қатары уақыт санап артпаса, кемімеген. Бұған жаңашыл жанның батыл қадамы мен қайтпас мінезі, еселі еңбегі қол жеткізді. Коко Шанельдің алғашқылардың бірі болып тамаша әдісті іске қосуы әлі күнге дейін маркетинг зерттеушілерін тәнті етіп келеді. Өз киімдерін сату жолында атақты адамдардың есімдерін пайдаланып, түскен суреттерін жарнама беттеріне орналастырып, әртістер ол дүниеге әкелген киімдер маркаларының символына айналатын үрдіс қазір де құнын жоймаған. «Мен сәнмен айналыспаймын, сән деген – мына мен», – деп жаһанға жар салған оның қалыптастырған бренді, салып кеткен сара жолын ешкіммен салыстыруға келмейді.

Дайындаған Алтын ҚОСБАРМАҚОВА