Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қай айда дүниеге келдіңіз?

Қай айда дүниеге келдіңіз?

Жаратылыстың құдіреті болар, бір айда дүниеге келгендердің қайткенде де бір ұқсастықтары болады екен. Сондықтан мінез-құлқымызға, болмысымызға, туған айымызға қатысты қызықты ақпараттар легін ұсынуды ұйғардық. Сіз қай айда дүние есігін аштыңыз?
Қаңтар
Жылдың алғашқы айында туылған қыздар айтқанынан қайтпайтын, батыл болып келеді. Өз сезімін сыртқа жайғанды ұнатпайды. Барлық нәрсеге сыни көзбен қарайды. Және өзімен интелектуалды дәрежесі бірдей, пікірін қолдайтын адамдармен қарым-қатынас жасағанды қалайды.
Ақпан
Романтиканы сүйетіндер. Олармен тілдескенде сізге ерекше төзім қажет болады. Көңіл-күйлері жиі құбылатындықтан, бұл топтағыларды түсіну сәл қиындау. Ал сатқындық жасайтын болсаңыз, оны бұдан былай көрмейсіз!
Наурыз
Ерекшелік пен сүйкімділіктің салтанаты. Бұл айда дүниеге келгендер өздеріне өте сенімді жандар. Еңбексүйгіштер. Олар сіз ренжітіп, көңіліне тигенге дейін сүйкімділіктерін сақтай біледі. Жалпы наурызда туылғандармен бірге өмір сүру – бір ғанибет.
Сәуір
Көпшіл. Кез келген адаммен оңай тіл табысып кетеді. Әсіресе сүйікті адамымен. Бірақ қызғаншақтық қасиеті де бар. Сеніміне кірген жандарды қадірлей біледі, оған бар сырын ақтарыла айтады. Негізі сәуірде туылған қыздар өз жартыларын әлемдегі бақытта жанға айналдыра алады. Мамыр
Мамыр – әйелдердің айы. Бұл кезде туылғандар тұрақтылық пен ұстамдылық қасиеттеріне ие. Сондай-ақ, көзтартарлық сұлулығы да бар. Мінездері өте жұмсақ. Аздап еріншектігі болуы мүмкін. Бірақ оларға кезіккен ерлер – жолы болғыш.
Маусым
Шығармашылық арулары. Жаңа нәрселерге үнемі қызығып жүреді. Бір кемшілігі – алдымен сөйлеп, содан соң барып ойланады. Бірақ олар сыртыңнан сөз тасымай, шындықты осылай бетке айтады. Айтпақшы, жігіттер бұл арулардан сақ болғаны жөн. Өйткені оларды оп-оңай ойыншығына айналдырып ала алады.
Шілде
Жазды, жалпы жылдың ортасында дүниеге келген арулар өте адал, сұлу, ақылды әрі өте жұмбақ болып келеді. Айқай-шуды, ұрыс-керісті жақтырмайды. Оған өтірік айтпаңыз. Бір рет алдаймын деп бұл айда туған жақыныңыздан, досыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.
Тамыз
Өте қызық жаратылыс иелері. Бойында эгоистік қасиет те, жомарт жүрек те бар. Олармен ұрысысудың қажеті шамалы. Өйткені бәрі бір жеңіліп қаласыз. Сондай-ақ, әзіл-қалжыңға жақын келеді. Үнемі жұрттың назарында болғанды ұнатады. Еркектерді бірден баурап алатын қабілетке ие.
Қыркүйек
Бұл кезеңде мейірімді, ерекше жандар дүниеге келеді. Өзіне сатқындық жасағандарды кешірмейді. Егер оған ауыр тиер іс-әрекет жасасаңыз, сізден кек қайтаруы мүмкін. Олар бір күндік уақытша қарым-қатынасты емес, ұзақ, тұрақты қатынасты бағалайды. Егер жеңіл-желпі ойыңыз болса, қыркүйекте туған аруларға жақындамай-ақ қойыңыз.
Қазан
Ақылдылар. Өте мықты мінез иелері. Көпшілік алдына шыққанды ұнатпайды. Кез келгенге ақтарылып, сырын аша бермейді. Әр істі ойланып, ақылға салып барып жасайды. Жанындағыларға көп жағдайда оның қызғаншақтығы ұнамайды.
Қараша
Өзгелерден үнемі бір қадам алда жүреді. Оны өздері байқамауы да мүмкін. Өйткені олар жасаған іс-әрекеттеріне мақтанып, бәріне көрсетуді көздемейді. Өтірікті бірден байқайды. Егер шындықты білгіңіз келсе, қарашада туылған бикештердің пікірін тыңдаңыз.
Желтоқсан
Желтоқсанда шыдамсыз, күйгелектер дүниеге келеді екен. Кез келген тығырықтан шығар жолды оңай тауып кетеді. Былайша айтқанда «судан құрғақ шығады». Олар өздері ғана сергек жүрмей, өзгелердің де көңіл-күйін көтеріп жүреді. Өмірінде көптеген кедергіге тап болуы мүмкін, бірақ соңында керемет жеңіске қол жеткізеді.
zhambylnews.kz
27 қараша 2019 ж. 1 113 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930