Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңғыбас қалай миллионерге айналды

Қаңғыбас қалай миллионерге айналды

Бір жылдан астам уақытын далада өткізген жас жігіт ешқандай аш қалмаған. Ал ол миллиондаған ақшаға қалай кенелді.
Австралиялық жігіттің жай күйі туралы Daily Mirror мәлімдейді.

Гарри Сандерс (Harry Sanders) 17 жасында баспанасыз қалған. Оның айтуынша, ең қиыны алғашқы түн болыпты. Өйткені ол қайда барып, не істеу керектігін білмеді. Сандерс бастапқыда көпірдің астында ұйықтағанын еске алды.

«Бұл қауіпті еді, өйткені аумақ үйсіздердің арасында бөлініп қойған. Мен бұл туралы ештеңе білмедім және алғашқыда шытырман жағдайға жиі тап болдым», - дейді ол.

Жас жігіт бір жылдан астам уақытын далада өткізді. Ол ешқашан аш қалмағанын айтады.

«Әртүрлі мекемелерге барып, сатылмаған тауарлар қалды ма деп сұрайтынмын, көбісі маған қуана-қуана тамақ беретін», - деп еске алды ол.

Жас жігіт іздеу жүйесін оңтайландыру арқылы ақша таба бастады. Ол мұны баспанасынан айырылмай тұрып үйренген екен. Фриланс (қашықтықтан жұмыс істеу) Сандерстің аяққа тұруына көмектесті. Қазір 21 жастағы кәсіпкердің бизнесі 1,5 миллион Австралия долларына (387,2 миллион теңге) бағаланып отыр. Шілдеде Сандерс Лондонда өз компаниясының кеңсесін ашты.

«Мен өз жетістігіме үйсіз-күйсіз жүруімнің арқасында жеттім», - деп санайды Сандерс.

Ол даладағы өмір өзін есеюге мәжбүрлеп, қиындықтарға төзуге және қиын кездерде амал етуге үйреткеніне сенімді. Сонымен қатар, ол мақсатқа анағұрлым нық қадам басқан. Өйткені ол сәтсіздікке ұрынуға болмайтынын түсінді.
13 тамыз 2019 ж. 690 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930