Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш Қытайда Джеки Чан фильмдері апталығының қонағы болады

Димаш Қытайда Джеки Чан фильмдері апталығының қонағы болады

Димаш Құдайберген мен Джеки Чан Қытайдағы I am Singer байқауы кезінде танысқан.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген V жылсайынғы Джеки Чан фильмдері апталығының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы әртістің өзі Instagram-да хабарлады.

Джеки Чан фильмдері апталығы 21-27 шілде аралығында Шаньси провинциясының Датун қаласында өтеді. Мұнда қытайлық та, шетелдік те боевиктер көрсетіледі, сондай-ақ экшн-фильм саласындағы марапаттар тапсырылады.  

Джек Чан туралы не білеміз 

Джеки Чан 1954 жылдың 7 сәуірінде Гонконгта туған. Қытай мен Американың жүзден астам фильмінде басты рөлді сомдады. Каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарист, жауынгерлік сахналарды қоюшы. Кино өнеріне үлес қосқаны үшін "Оскар" жүлдесімен марапатталды. Жауынгерлік өнер мен кинодан бөлек ән жазады.   

Джеки Чан, Димаш пен Қазақстанды не байланыстырады

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Джеки Чанмен қытайдың I am Singer шоуында танысты. Кездесуде Димаш танымал қытай актерінің иығына шапан жапты.
2017 жылы Джеки Чан елордадағы қытай киносы апталығын ашты.


16 шілде 2019 ж. 1 272 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 127

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 124

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 87

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031