Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясы

«Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясы

ҚР Президенті «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысты.

Халықаралық жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: “Орталық Азия – планетадағы климат өзгерістеріне ең осал өңірлердің бірі. Мұнда жаһандық жылыну әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жылдам жүріп жатыр. Аймақ тосын табиғат құбылыстарымен, атап айтқанда, мұздықтардың еруі, шөлейттену және су тапшылығы секілді сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр”, — деді.

Бірлесіп әрекет етудің қажеттілігі

Орталық Азия елдерінің орнықты дамуы үшін экономикалық өсім мен климаттық саясат арасындағы тепе-теңдікті қатаң сақтау керек.

Қазақстан және «жасыл» экономика

Жасыл сутегі өндірісі бойынша дүние жүзіндегі ең ірі жобалардың бірін, соның ішінде, жаңартылатын энергия көздерін дамыту.

— Әлемнің жетекші корпорацияларымен бірлесіп жел, күн энергиясын өндіру жобаларын іске қостық.

— Уран өндірісінің 40 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі. Қазіргі кезде еліміз зиянды шығарындыларды азайтып, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін алғашқы атом электр стансасын салуды жоспарлап отыр.

Су ресурстары – өңірге ортақ сын-қатер

— Соңғы жиырма жылда жан басына шаққандағы сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 30 пайызға кеміді.

— Аймақтағы су ресурстарының 70 пайызы – трансшекаралық.

— Қазақстан бұрыннан айтылып келе жатқан Орталық Азия су-энергетика серіктестігін құру бастамасын ілгерілетуге әзір.
---
16 сәуір 2025 ж. 461 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930