Қызылордада жыл басынан бері 150-ге жуық егіз дүниеге келді
Қызылорда облысында жыл басынан бері 12 296 бала дүниеге келді. Оның ішінде 149 жұп - егіздер. Көбінесе егіздер облыс орталығында дүниеге келген.Айта кетейік, биылғы жылы туылған егіздердің жалпы санының 60% Қызылорда қаласына тиесілі. Мұнда 90 ана егіздерді босанды. Арал ауданы 16 жұп егізден дүние есігін...