Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жақсы жігіт кездессе, 1-курста-ақ тұрмысқа шығыңыздар

Жақсы жігіт кездессе, 1-курста-ақ тұрмысқа шығыңыздар

Ердің жасына жетпей бақұл болған Бейсен Құранбек жайлы айтылар естеліктер де көп. Артында қалған ақыл-кеңесі де көп. Бірі марқұмның болмысы жайлы сөз қозғаса, бірі қызықты оқиғасын айтып жатты. Енді бірі тележүргізушінің өзі айтқан сұхбатын жариялады.

Осы тұста Бейсен Құранбектің "Жас өркен" газетінде жария болған сұхбаттың бірін назарларыңызға ұсынамыз.

Адамның түпкі арманы – бақытты болу. Ол журналист, тракторшы, заңгер, суретші, әнші, биші, мейлі қандай мамандық иесі болса да, бақытты болғысы келеді. Әр күнін қуанышпен өткізу, өзін жақсы сезіну – кез келгеннің арманы. Осы сөзге келіспеймін десеңіздер бірден айтыңыздар. Сіздер журналистикаға келіп жатсаңыздар, «осы мамандық бойынша бақытымды табамын» деп келіп жатқан жастарсыздар. Бақытты болу үшін адамға қажетті қарапайым нәрселер бар. Біз ол туралы айтпай-ақ қояйық. Өздеріңіз қалаған мамандықтың иесі болмай, сіздер өздеріңізді бақытты санай алмайсыздар. Бұл – заңдылық.

Осы кездесуге келгендердің басым көпшілігі қыздар екен. Сондықтан мына бір мәселеге назар аударғым келеді. Журналистикаға менімен қатар келген қыздар өте мықты болды. Олар: Жайна Сламбек, Бибігүл Жексенбай, Ләззат Танысбай, Дана Нұржігіт, Айгүл Мүкей, тағы басқа толып жатқан талантты қыздар. Кішкентай кездеріңізде олардың атағы дүркіреп тұрды, бүкіл ел таныды. Бірақ, бір өкінішті жайт – журналистикаға келген қыз балалардың көбінің жеке өмірі артта қалып қояды. Мұны біз айтпасақ, сендерге кім айтады? Қатар жүрген достарыма 25-ке келгенде «күйеуге шығыңдар» деп ана жігітті бір, мына жігітті бір әкеп таныстырдық. Болмады. Өйткені, олар ай сайын шетелге барады, жақсы ақша табады. Біраз жүре тұрғысы келген шығар. Ал жасы отызға келгенде, көп әріптестерімнің көзінен мұң көрдім…

Тағы да «Мерседестің» белгісін сызыңыздаршы. Бірінші бөлікке «мамандық» деп жазыңыздар. Екіншіге «жар» деп түртіп қойыңыздар. Өзіңе лайықты жар табу өте маңызды. Жұмыс істейміз деп жүріп, жар табу сәтін жіберіп алмау керек. Бұл жақсы істі жиырма беске жеткізбеңіздер! Ата-ана: «Асықпа! Оқуыңды оқы, жұмысыңды істе! Күйеу деген ешқайда қашпайды», - деп ақыл айтады. Бұл сөзге байланып қалмаңыздар. Жақсы жігіт табылса, бірінші курста-ақ тұрмысқа шығып кетіңіздер. Үшінші бөлікке «ұрпақ» деп жазыңыздар. Балаң болмаса, өзіңді бақытты сезіне алмайсың. Барлықтарың он үштен астыңдар, «он үште – отау иесі» дейді. Мұндай әңгімені бүгін айтпасақ, ертең кеш болуы мүмкін. Отбасылық мәселелер жөнінде көп хабар жасадым. Сонда мамандардың айтатыны: 18 бен 30 жастың арасы балалы болуға ең қолайлы уақыт екен.
stan.kz


27 мамыр 2020 ж. 1 217 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930