Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өшкен өркениеттер

Өшкен өркениеттер

Жер бетінде тіршілік пайда болғалы кең көлемді соғыс, эпидемия, жанартау атқылауы, климаттың өзгеруіне байланысты бірнеше мәрте тірліктің тоқтап қалғаны туралы көп айтылады. Алайда осы кезге дейін жоғалып кеткен ұлттардың ­тарихы бізге беймәлім. Олардың өмір сүрген аумағы, тұрғынжайлары мен өркениеті бүгінгі ұрпақтың қызығушылығын ­тудыратыны анық. Сол себепті жер бетінен жойылған өркениеттің ондығын оқырман қауым назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Ел арасында көп айтылатын Майя өркениетіне тиесілі ескі қалашықтар мен ескерткіштерді Орталық Америкада орналасқан джунгли құшағына алған. Ал сол тұстағы адамдардың қолданған заттары әлі күнге дейін ағаш бұталарында ілініп тұр. Оған қарап маялықтардың архитектуралық құрылысы мен ауылшаруашылыққа арнаған жер көлемі аралдың жартысынан көбін қамтығанын байқауға болады. Бұл аумақ қазір Мексика мен Гватемала аралығын алып жатыр.
Майя мәдениетінің жұмбақ жағдайда құлдырауы шамамаен 900 жылдары басталған. Әзірге оның ғылыми дәлелденбеген бірнеше себептері белгілі. Әсіресе Юкатандағы климаттың өзгеруі салдарынан аштық орнап, ішкі соғыс әсерінен болған тәртіпсіздік адамдардың қаланы тастап кетуіне себеп деген болжам ақылға қонымдысы саналады.

Ин және Харапп мәдениеті – ерте Египет пен Шумерден кейінгі ең көне өркениеттің үштігіне кіретін алып ескерткіш. Көлемі жағынан бірінші орында тұрса да ол туралы бізге жеткен ақпар аз. Бұл дәуірдің замандастары құрылысқа ерекше көңіл бөліп, бай тарихи мұра қалдырған. Құнарлы жер, ауаның ылғалдылығы, дәстүрге беріктік олардың жер шаруашылығында жоғарғы жетістікке жетуінің алғышарты болды. Ал Ин өркениетінің жұлдызы біздің эрамызға дейінгі ХVIII-XVII ғасырда сөне бастады. Себебі халықтың белсенді бөлігі оңтүстік-шығасқа қарай үдере көшіп, ата-бабалары қалдырған құнды жәдігерлер мен қолда бар мүмкіншіліктерінен айырылды. Алайда ғалымдар әлі күнге дейін халықтың босқынға айналуына не түрткі екенін ашып айта алмайды. Сонда да климаттың өзгеруі мен Арий шапқыншылығының әсері болуы мүмкін деген болжам бар.

Пасха аралының байырғы тұрғындары да өте көп адам мүсіндерін қолдан тұрғызғандығымен жоғалған өркениет қатарын толықтырады. Адам басына ерекше мән берген олар ескерткіштерді арал жағалауына қатарластыра тізген. Жүздеген жылдар бойы мүсін жасап тұрғызуымен айналысқан пасхалықтардың қандай себеппен мыңдаған шақырым қашықтықтағы басқа аралға көшкені жұмбақ күйінде қала бермек.

Арал тұрғындары өз заманында басқа тайпаларға қарағанда ақылдырақ, дамыған деген деректер кездессе де шаруашылықтағы айла-тәсілдері ұтымсыз болған. Пасхаға алғаш адам аяғы тиген біздің заманымыздағы VII-XII ғасыр аралығындағы аралдың тұрғындар барлық ағаштар мен ауылшаруашылық ресурстарын есепсіз пайдаланған. Табиғат байлығы біткеннен кейін жаңа қоныс іздеуге тура келген деген тұжырым жиі айтылады.

Ғалымдар Чатал-Хююк өркениетін VIII-VII ғасырдағы жер ресурстарын игеру жағынан керемет дамыған, әлемдегі ең көне мәдениет ретінде біледі. Сонымен бірге қалада көшелердің жоқтығымен басқалардан ерекшеленеді. Себебі тұрғынжайлар бір-біріне жалғана, тығыз орналасқан. Ал үйдің ішіне шатырда орналасқан, есік арқылы кіретін болған. Ғимарат қабырғасындағы суреттерге қарап Чатал-Хююк тұрғындары бидай өсіріп, малдың бірнеше түрін асыраған. Үйдің маңдайшасына бұқаның бас сүйегін іліп қоятындарына қарап, оған айрықша маңыз бергенін байқауға болады. Бұдан бөлек ғалымдар адамдардың жертөледе туған-туыстарының өлі денесін сақтағанын анықтаған.

Бұл өркениеттің темір дәуірінен ертерек өмір сүрсе де қолөнер шеберлігін жетік меңгергені айтылады. Себебі археологтар көптеген адам мүсіні мен діни құралдар тапқан. Қола дәуіріне дейін қала тіршілігін тоқтатқан. Зерттеушілер бұның себебін тұспалдай алмай отыр.
Солтүстік Америкаға еуропалықтар келмес бұрын миссисиптіктер Кахокияда үлкен қала тұрғызған. Оны алып пирамидалар, қорғандар, стоунхенджге ұқсас ағаш дуалдар қоршап жатты. Бұны адамдар жұлдыз қозғалысын бақылау үшін тұрғызғанға ұқсайды.
Өркениеттің гүлденген кезі біздің заманымыздағы VI-XIV ғасырмен сәйкес келеді. Қала көлемі 15 шаршы шақырым жерді қамтыды. Тұрғындар саны сол тұста 40 мың адамды құраған. Олардың барлығы қолынан іс келетін архитектор, суретші, тас пен ағаштан түрлі ғажайыптар жасайтын таланттар болған деседі. Ғалымдар кахониядан жұрттың үдере көшуін жұқпалы аурудың жаппай белең алуы мен ашаршылықтан көреді.

Миной өркениетінің тіршілікте болғаны туралы XX ғасырдың басына дейін жан баласы білген жоқ. Бірақ бұл күні оның өмір сүргенімен қатар, ерекшеліктеріне тамсандыратын көптеген жәдігерлер табылған. Бұларды зерттей келе оқымыстылар өркениеттің 7 мың жыл өмір сүргенін білген. Біздің заманымызға дейінгі XVI ғасырдың төңірегінде дамудың шарықтау шегіне жеткен. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей қала орталығындағы сарайлар мен ғимараттар құрылысы жыл өткен сайын күрделене берген. Бір қызығы алғашқы минойлықтар әлі оқу ережесі анықталмаған пиктограммаға негізделген тілде сөйлеген.
Ғалымдар минойлықтардың Фера аралындағы Санторин жанартауының атқылауынан жойылғанын айтады. Одан тірі қалғандар тіршілік нәрін түгел от басқандықтан аштан қырылған деседі.

Оқырмандар арасында “Соңғы крест жорығы” фильмін көргендердер бар шығар. Сол туындыдағы маңызды эпизодтар осы көне араб тайпаларының мекені Набатияда түсірілген. Көне мәдениет қазіргі Иордания, Ханан, Араб аумағын біздің эрамызға дейінгі VI ғасырға дейін иеленген. Олар көбіне тарихи қала Петраның негізін қалаушы ретінде айтылады. Қала айналасы грек стилінде салынып, тау-таспен қоршалған, күзетші немесе қазынашы қадағалайтын алыс аймақта орналасқан. Бұндай алып қала тұрғызған олар байлықты сарай маңынан өтетін сауда жолынан өндірген. Рим мен Грекия сияқты қалалардың бір-біріне ұқсастығына осы сауда керуені себеп деседі.
Солай бола тұра набатиялықтарда құлиеленушілік жоқ болды. Қоғамның әрбір мүшесі ортақ іске өз үлесін қосып отыруды әдетке айналдырған. Сонда да адамдардың қаладан не себепті кетіп қалғаны таңдандыратыны рас. Ғалымдар бұны сауда жолының басқа аймаққа ауысуымен түсіндіреді. Себебі тек алып-сатумен күн көріп отырған тайпаның бұдан басқа кәсібі жоқ еді.

Ольмеки тұрғындары орталық америкадағы тропикалық аймақта алғаш қоныстанған қоғам болды. Бұл жерді қазіргі таңда орталық, оңтүстік Мексика иемденген. Мұнда адам аяғы біздің эрамызға дейінгі 1400 жылы түскен. Ольмекилықтар құрылыс саласын терең меңгерген. Бұны қалашықтағы дәстүрлі ғимараттар, пирамидалар мен тас мүсіндерден анық байқауға болады. Сондай-ақ әлемдегі ең үлкен бас мүсініні де осы өркениетке тиесілі.

Біздің эрамызға дейінгі 400 жылы қаланың шығыс бөлігін адамдар тастап кете бастады. Басты сенімді себебі климаттың өзгеруі мен жау әскерінің басып кіруі саналады.
Қытайдың батыс бөлігін иемденіп, Ұлы Жібек жолында 1600 жыл бұрын өмір сүрген, қазір Такла-Макан шөлдаласында елсіз қалған Ния өркениеті өз заманында ең сұлу қала саналған. Соңғы екі ғасырда археолтар ағаш үйлер мен храм төңірегінен есепсіз қазына қорын тапқан. Сәнді қала архитектурасы жергілікті байлардың саудадан тапқан қаржысы есебінен, Жібек жолы арқылы келген ұсталар мен қолөнершілердің еңбегімен салынғаны белгілі.

Жібек жолы өзінің маңыздылығын жоғалтқаннан кейін қала тұрғындары жан-жаққа үдере көшті. Себебі саудагерлер бұл уақытта теңіз арқылы сапарлатуды тиімді санаған. Ал бүкіл ғұмырын саудагерлікке арнаған ниялықтарға есепсіз тұтынушылар мен жаңа тауар иемдену керек еді. Қаланың құлдырауының нақты себебі мен өмір сүрген жылдарын ғалымдар зерттеу үстінде.
2002 жылы индиялық теңізден ғалымдар акваторияның ластану деңгейін тексеру барысында кездейсоқ көне қаланың сұлбасын тапқан. 40 метр тереңдікте орналасқан қаланың аты – Дварка. Бұл мамандардың жергілікті өркениетті зерттеуіне түрткі болды.

Зерттеу қорытындыларына сүйенсек, қаладағы тіршілік 9500 жылдармен сәйкес келеді. Бұл сондағы көне қалалардан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын тұрғызылғанға ұқсайды. Өйткені Индиядағы бұдан басқа көне қаланың 4000 жыл бұрын ғана шаңырағы көтерілген.
Дварка қаласы кәріз жүйесінің озықтығымен дараланады. Сондай-ақ су қоймасы мен үйлесімді көшелер жоспарлауы өз алдына бір төбе. Қару-жарақтың жетілген түрлерін қолданғаны да белгілі. Дваркалықтар Атланта мұхитының төмен кезеңінде, су жағасында өмір сүрген. Мұздардың еруі салдарынан алып толқын астында қалған қаланың сол тұстағы тұрғындары жайында мәлімет аз. Себебі олардың аман қалғаны немесе қайда кеткені жайында ғалымдар ештеңе айта алмай отыр.

Дайындаған
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
25 желтоқсан 2019 ж. 2 001 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 68

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930