Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жұлдыз-жорамалға қатысты шындықты біліңіз

Жұлдыз-жорамалға қатысты шындықты біліңіз

Ғаламторда не көп? Астрологиялық болжамдар жасап беретін сайттар көп. Астрологтардың Күн мен Айдың, планеталардың адам тағдырына ықпал ететініне күмәні жоқ. Өкінішке қарай көпшілік соған сенеді. Ал, олардың мақсаты біреу-ақ – атын шығару, ақша табу.

Шариғат үкімі не дейді?

Тек Алла Тағала ғана болашақты біледі және Одан басқа ешкім мұны біле алмайды. Құбылыстың да, себеп пен салдардың да, ой мен істің де жаратушысы – Алла. Орын алғанның, жүзеге асқанның бәрі – Алланың қалауымен және жүзеге асыруымен болады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына хадистеріне зер салайық:

«Иман (Сенім) – Аллаға, Оның періштелеріне, Оның пайғамбарларына, Қиямет күніне, Тағдырға дәне жақсылық пен жамандықтың Алладан екеніне сену».

«Біліп қой, егер барлық адам саған жақсылық жасау үшін жиылса, олар Алланың саған белгілегеніндей ғана көмек көрсете алады. Егер барлық адам саған зиян келтіру үшін жиылса Алланың саған белгілегеніндей ғана жамандық келтіре алады...».

Зиян мен пайданы да, жамандық пен жақсылықты да Алла жаратқан. Қазіргі уақытта орын алып жатқан және болашақта орын алатын істің бәрі Алланың қалауымен және білімімен ғана жүзеге асады. Мұны астролог, көріпкел немесе балгер білмейді. Әр істің Алланың қалауымен ғана болатыны көптеген аяттарда айтылған. Мысал үшін. «Әл-Фуркан» сүресінің 2-аятында: «Алла әр затты жаратты және оның тағдырын белгіледі»-делінген. Сондай-ақ «Әл-Камар» сүресінің 49-аятында: «Шынында, тұрмыста пайда болғанның бәрін Алла тағдырмен жаратқан»-делінеді.

Планеталардың, Күн мен Айдың орналасуы тағдырға әсер етпейді. Және астрологтар қандай әдіс-тәсіл қолданса да болашақ пен тағдырды біле алмақ емес. Құранда: «Айт: «Шынында, көк пен жердің тұрғындарының ешқайсы жасырынды (болашақты) білмейді, Шынында тек Алла ғана біледі...» - делінген.

Күн, Ай, планеталар - Алла жаратқан объектілер. Олар Алланың шексіз құдыретін көрсетеді. Алла Тағала оларды өзінің Хақ екенін көрсету үшін жаратқан. Сондай-ақ «Ан-Нахл» сүресінің 16-аятында жұлдыздарды қараңғыда жол көрсету үшін жаратқаны айтылған.
ihsan.kz
04 қазан 2019 ж. 1 297 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031