Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Өрт сөндіруші» АҚ филиалында кадрлық ауысым болды

«Өрт сөндіруші» АҚ филиалында кадрлық ауысым болды

2018 жылғы қаңтар айының басында «Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облысының филиалында кадрлық ауысым болды.
«Өрт сөндіруші» АҚ Президентінің  келісімінен кейін, филиал директорының 05.01.2018 жылғы №07 ж/қ бұйрығымен өрт профилактикасы және өрт сөндіру тобының бас маманы лауазымына Қосмұратов Болатбек Насрединұлы тағайындалды.
Жиналыс барысында филиал директоры тағайындалған жұмысшыны ұжымға таныстырды.
Б.Н. Қосмұратов 1975 жылы 8 қарашада дүниеге келген. Білімі-жоғары, 1998 жылы Талдықорған заң институтын, 2010 жылы Қазақстан Республикасының ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «юриспруденция», «өрт қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдарында 1994-2017 жылдары аралығында қызметатқарған. Қызмет барысында өрт қауіпсіздігі бойынша кіші және жоғарғы лауазымдарда әртүрлі жұмыстарды атқарған.
Филиал директоры ӨП және ӨС тобының жаңа бас маманына келесідей негізгі тапсырмалар жүктеді:
- тапсырыс берушінің объектісін өрттен қорғау;
- өрт профилактикасын қамтамасыз ету;
- облыстың мемлекеттік өрт сөндіру қызметтері орналаспаған ауылдық шалғай аймақтарында өрт сөндіру посттарын ашу жұмыстарын одан әрі жалғастыру;
- негізгі және қосымша жұмыстар бойынша тапсырыс берушілерді іздестіру және шартқа отыру мақсатында тиісті жұмыстарды ұйымдастыру, өрт техникалық минимумды оқыту және т.б.
«Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы тапсырмасын орындау және қорғалатын нысандарда қауіпсіздікті, филиалда тұрақтылықты сақтау мақсатында жұмыскерлер арасында филиал қызметі жағдайларын, еңбекақы төлеу қорын қалыптастыру тәртібін және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы басқа да мәселелер жөніндегі түсіндіру жұмыстары күшейтілген.
Филиалда, өрт авариялық-құтқару бөлімшелерінде жоғарыдағы сұрақтарға сәйкес, жұмысшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесу барысында жұмысшылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, тиісті жауабын алды.
«Өрт сөндіруші» АҚ 
Қызылорда облыстық филиалы
12 қаңтар 2018 ж. 1 531 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930