Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 23 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Жұмыс жайлы көп ойланудың қажеті жоқ. Аяқталмаған істеріңіз қайтадан алдыңыздан шығады. Оларды аяқтау үшін көп уақыт пен мол қаражат қажет. Өзгелердің мәселелеріне араласпағаныңыз жөн.
Торпақ
Бүгін қабылдаған әрбір шешім дұрысынан болмақ. Жұлдыздар ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін сілтеп отыратын болады. Жасаған әрбір ісіңіз алға басып, жұмысыңыз жандана түспек. Әрбір күніңіз өзіңізге сабақ болады.
Егіздер
Үйде немесе жұмыста мәселе туындауы мүмкін. Жағымсыз жаңалық көңіл-күйіңізді түсіріп, мазаңызды қашырады. Бұл орайда денсаулығыңызға абай болыңыз. Біраз шаршап қалуыңыз да мүмкін.  
Шаян
Бүгін жаңа жұмыс бастамағаныңыз дұрыс. Сондай-ақ жақын адамыңызбен сөзге келіп қалудан сақтаныңыз.  Егер алыс сапарға шығар болсаңыз, жолда абай болыңыз. «Сақтансаң, сақтаймын» дегенді ұмытпаңыз.
Арыстан
Өзгенің ісінен араласудан аулақ болыңыз. Біреуге көмектесемін деп, өзіңіз опық жеп қалмаңыз. Сіздің тапқырлығыңызға қызыға қарайтындар болады. Ішкі түйсігіңіз алдамайды. Сондықтан оған толық сенім артуға болады.
Бикеш
Эмоцияңызды сыртқа шығармауға тырысыңыз. Демалысты жақсы көңіл-күйде өткізуге тырысыңыз. Үй тіршілігін кейінге қалдырыңыз. Достарыңыз немесе туыстарыңыз көмек сұраса, қол ұшын беруден қашпаңыз.
Таразы
Бүгінгі күн сіз үшін қиынға соқпақ. Жақын адамыңызбен арадағы мәселені шешу қиынға соғады. Өз тәжірибеңізге ғана сүйеніп мәселені шешуге тырысыңыз. Тәуекелге бармаңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз.
Сарышаян
Бүгін сізге барлығы қарсы тұрғандай сезінесіз. Бірақ уайымға берілудің қажеті жоқ. Жалғыз қалып, демалғаныңыз жөн. Бұл кейінгі кезде туындаған мәселелер туралы ойланып, олардан шығу жолдарын табуға көмектеседі.  
Мерген
Бүгін ешбір істі қолға алмағаныңыз жөн. Қай жұмысты бастасаңыз да оң нәтиже бермесі анық. Бүгін қайырымдылық жасап, айналаңыздағыларға деген ренішіңізді ұмытқаныңыз жөн.
Тауешкі
Бүгін сізді мақтайтындар көп. Әрине, бұл сізге қуаныш сыйлайды. Өзіңіздің жаңа жоспарларыңызға серіктестер табасыз. Сейкесінше, табыс табудың жаңа көзін ашасыз.
Суқұйғыш
Жақындарыңызға көп көңіл бөліңіз. Үнемі жаныңыздан табылатын жандарға оларды жақсы көретініңізді айтып, сыйластығыңызды арттырыңыз. Кикілжіңге бармауға тырысыңыз.
Балықтар
Маңызды істерге қатысты шешім қабылдайсыз. Сондықтан мұқият болғаныңыз абзал. Басшылықпен келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Оған себеп, берілген тапсырманың дер кезінде орындалмауы.
23 ақпан 2020 ж. 877 0

Ұқсас жаңалықтар:

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930