Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » 6 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

6 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Оңтүстік циклонның өтуіне байланысты 6 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай, дауыл күтіледі. Сондай-ақ екпінді жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Батыста және солтүстікте тұман болжанады. Батыс өңірде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақтан облысында 15-20 м/с екпінмен соққан желдің күші 23-28 м/с ұлғаяды. Кей жерлерде тұман, дауыл күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Алматы, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола және Түркістан облыстарында бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Сондай-ақ Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Алматы және Ақтөбе облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.  

06 қыркүйек 2019 ж. 1 330 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930