Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ет комбинаты салынады

Қызылордада ет комбинаты салынады

Соңғы 6 жылда Сыр өңірінен экспортталатын өнім түрі 3-тен 15-ке дейін ұлғайды. Халық алдындағы есепті кездесуінде аймақ башысы Қырымбек Көшербаев осылай мәлімдеді.

- Тек соңғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 27%-ға өсті. Оның 97%-ы өңделген өнім үлесіне тиесілі. Дәл қазір біздің алдымыздағы міндет - шикізат өңдеуді қамтамасыз ету және сыртқы нарыққа сапалы дайын өнім шығару мақсаты тұр. Облыстың агроөнеркәсіп кешеніндегі экспортталатын өнімдердің тізімі тек соңғы 6 жылда 3-тен 15 түрге көбейді. Бұл біздің мүмкіндіктеріміздің шегі емес, облыстың экспорттық әлеуеті өте ауқымды, - деді аймақ басшысы.

2016 жылы көп жылдардан бері алғаш рет бақша өнімдерін экспорттау жаңғыртылды, 2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне, Иран, Моңғолия және Өзбекстанға көкөніс пен мал экспорттай бастады. Ал 2018 жылы Қытайға алғаш рет мақсары май жөнелтілді.

Егер 2017 жылы облыс экспортқа 2,2 мың бас қой жөнелтсе, 2018 жылы бұл көрсеткіш 4 есеге артты. 8191 бас мал Ресей Федерациясы мен Иранға жөнелтілді. Сонымен қатар, алғаш рет ірі қара малды союға экспорттай бастады.

Аймақта халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ет комбинатының болмауына байланысты малды шетелге жіберуге немесе оны басқа облыстардың ет комбинаттары арқылы экспорттауға тура келеді. Биыл Қызылорда қаласында қуаттылығы күніне 200 бас ірі қара және 1000 бас ұсақ мал соятын заманауи ет комбинатын салу жоспарланып отыр.
13 ақпан 2019 ж. 985 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930