Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дария демі ішінде

Дария демі ішінде

Өткен жылдың соңында Сырдария өзенінің Қазалы ауданы тұсындағы қорғаныс бөгеті сыр берді. Сөйтіп, дарияның ескі арнасынан су ақты. Абырой болғанда, мал-жан аман. Материалдық шығын жоқ. Оқиға орнына азаматтық қорғау құрылымдарының жұмыс күшін жұмылдырудың арқасында қауіптің беті қайтты.

Мұндай жағдай кеше де қайталанды. Су Қызылорда қаласы тұсындағы өзеннің ескі бөгетін жарып өткенімен, жағалауға қауіп төнген жоқ. Оқиға орнында 10-ға жуық техника жұмыс істеп, инертті материалдардың көмегімен ескі бөгет жедел түрде қалпына келтірілді. Қазір облыс аумағындағы барлық қауіпті тұс қатаң бақылауда, жауапты мекеме өкілдері күндіз-түні кезекшілікте.

Сырдария жыл сайын ерте көктем, қыс мезгілінде мінез көрсетіп, сынайды. Сондайда демімізді ішке тартып, дегбіріміз қашатыны бар. Табиғат қашан тосын сый жасайтынын ешкім тап басып айта алмайды. Алайда, тиісті күш құрылымдары қауіпке қарсы тұруға дайын.

Облыстық жұмылдыру дайын­дығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, осы күні облыс аума­ғындағы қорғаныс бөгет­терінің тұсы су басуы мүмкін 56 аймаққа бөлінген. Оларға жауапты ретінде барлығы 111 мекеме бекітілді. Мекемелерде 425 арнайы техника, 1269 адам күші бар. Өзен алда-жалда таси қалған күнде оған қарсы пайдаланылатын материалдық-техникалық қор дайын.

Қызылорда қаласы мен аудандарда тасқын су қаупі туа қалған жағдайда 79 эвакуациялық жинақтау және 99 қабылдау пункті әбігерге түскен тұрғындарды қабылдай алады. Сонымен қатар, 2 тікұшақ дария деңгейін биіктен бақылау үшін қалыпқа келтіріліп, мұз жару жұмысының қаржылай мәселесі шешілді.

Айта кетейік, Сырдария өзенінің өңірдің үстінен өтетін бөлігі 1274 шақырымға созылып жатыр. Өзен жағалауының екі жақ бетінде жалпы ұзындығы 609,4 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері орналасқан.

Облыстық жұмылдыру дайын­дығы басқармасының мәліметіне қарағанда, облыс аумағына секундына 600 текше метр су келіп жатыр. Қызылорда су торабынан төменге секундына – 475, Басықарадан – 420, Ақлақтан 260 текше метр су босатылуда.

Бүгінде солтүстік аудандар бойынша дария бетінде мұз ұстасты. Оның қалыңдығы – орта есеппен 5-15 сантиметр аралығы. Оңтүстік аудандарда, керісінше, өзен беті әзірге мұздан таза. Қоршаған орта және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары алдағы міндет мұз толық ұстасқаннан кейін, көктем кезінде су тасқынының алдын алу екенін айтып отыр.

Жоспарға сәйкес қаңтар айынан бастап Шардара су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 900 текше метр су жіберіледі. Жоғарыдан келетін су көлемін қауіпті мөлшерден асырмау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті Шардара, Көксарай су қоймаларынан босатылатын су көлемінің кестесін бекітті. Кесте бойынша Көксарайға секундына 400 текше метр су қабылданып, төменгі ағысқа секундына 500 текше метрі жіберілуі тиіс.

Сонымен бірге, облыс аумағына келетін артық суды алу мақсатында магистралды каналдар мен көлдер жүйелері дайындық қалпына келтірілді. Қала, аудан әкімдіктері кезекшіліктер ұйымдастырып, дария бойындағы қауіпті учаскелерге мониторинг жүргізіп келеді. Өзенде мұздың ұстасуына байланысты азаматтық қорғау қызметтері күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуде.

Жалпы, мамандар өңір бойынша Сырдария өзеніндегі жағдайды қалыпты деп бағалап отыр.
10 қаңтар 2019 ж. 1 996 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 67

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930