Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Binance өңірлік қаржы-есеп айырысу хабы құрылады

Binance өңірлік қаржы-есеп айырысу хабы құрылады

Alatau City үшін Tokenization by Default тұжырымдамасы дайындалып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

Канада оштрафовала Binance на $4,38 млн
Фото: freepik.com
- Alatau City үшін Tokenization by Default тұжырымдамасы дайындалып жатыр. Цифрлық құралдар қала инфрақұрылымы мен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға пайдаланылады. Осы жылдың соңына дейін Iconic Tower кешенін 50 млн АҚШ долларына дейінгі сомаға токендеу жоспарланып отыр. Тағы бір жоба – құны 10 млн АҚШ долларына дейінгі Birlik логистикалық орталығы. Екі жоба да KASE инфрақұрылымы арқылы іске асырылады, - деді ол.
- Ол жалпыұлттық режимнің, АХҚО мен Alatau City мүмкіндіктерін біріктіруі керек. Бұл юрисдикциялар бірін-бірі толықтыруы қажет. Дәл осы модель аясында Binance өңірлік қаржы-есеп айырысу хабы пысықталып жатыр. Жоба қазақстандық заңды тұлға құруды және бірінші санаттағы төлем ұйымының лицензиясын алуды көздейді. Хаб ТМД, Шығыс Еуропа және Азия елдеріндегі клиенттерге қызмет көрсете алады, - деді Тимур Сүлейменов.
Тимур Сүлейменов цифрлық активтер нарығын дамытудың келесі бағыты ортақ елдік нарық құру екенін айтты.Айта кетейік, Үкімет отырысында цифрлық активтер саласын дамыту мәселелерін талқыланып жатыр.
15 қыркүйек 2026 ж. 138 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031