Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің екі қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды

Бұл қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды
Фото:
© istockphoto.com
2026 жылдың 26 сәуірінде Алматы және Талдықорған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады. «Қазгидромет» синоптиктері екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қолайсыз метеожағдай деген не?

Мамандардың түсіндіруінше, ҚМЖ – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін факторлар жиынтығы. Оған әлсіз жел, тұман және инверсия жатады. Мұндай ауа райы кезінде автокөлік түтіні мен өндірістік қалдықтар сейілмей, жерге жақын қабатта жиналып қалады.
Ауаның ластану деңгейі жоғарылаған тұста мамандар қала тұрғындарына келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
1.Тас жолдар мен өндірістік орындарға жақын жерде ұзақ жүрмеу керек.
2.Өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық дерттері бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені дұрыс.
3. Ашық аспан астында спортпен айналысуды немесе ауыр физикалық жұмыс істеуді уақытша тоқтата тұрған жөн.



26 сәуір 2026 ж. 207 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31