Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жантақ жараны жаза ма?

Жантақ жараны жаза ма?


Фото:
ашық дереккөзден алынды

Қазір табиғи өскіндер, өнімдер арқылы емделу үдерісі қарқын алған. Біз бүгін Сыр топырағында өсетін жантақ шөбі туралы айтпақпыз. Пайдасы неде? Зияны қандай? Бірге талқылайық.
Жантақ – шөл және дала аймақтарында өсетін, шөп. Оның қабығында қант, илік заттар, эфир майы, ал тамырында алкалоидтар, глюкозидтер, шайыр, бояғыш заттар болады. Гүлінен ара бал жинайды.
Жантақтың таралу кеңістігі айтарлықтай кең.
Жантақ далалық және шөлдік аймақтардағы климатқа және экологиялық жағдайға айтарлықтай әсер етеді. Біріншіден, жантақ шөлдік далалардағы жануарлардың азығы, екіншіден сол жердегі топырақтың құнарлығы мен эррозияға ұшырау дәрежесін сақтайды. Жантақтың тұқымының таралуына түйе себеп болады екен.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған ем-шаралар қатарында, өкінішке қарай, біз іздеген шөп табылмады. Дәріханалар желісінің маманы Мейірім Шапағат сөреден жантақтың кептірілген, құрамында аталмыш өсімдік қосылған бірнеше қорапты нұсқады. Қатарыда қазақстандық, шетелдік өнімдер бар. Барлығына ортақ сипат – дәрілік зат емес екендігі және дәрігер нұсқамасы арқылы қолдану қажеттігі. Солай бола тұра, ашық сатылымдағы өнімді тұтынушылар жайына ешкім алаңдамайды.
«Мен дәрігер де, ғалым да емеспін. Бірақ дәріханашы өзі сатқан әр өнім туралы толық мағлұмат білуі тиіс.
Көбіне дәстүрлі емге қолданады. Жантақтың диабет немесе холестеринге әсері мүмкін екенін айтады көбі. Бірақ ол да клиникалық деңгейде айқын емес. Біздің тұтынушылар өз бетінше ем қабылдай береді», – дейді ол. Дәріханашы жантақты шетелдерде спортшылар мен бодибилдерлер тұтынатын табиғи қоспалардың құрамында кездесетінін, ерлердегі либидо бұзылыстар мен потенция мәселелері үшін қоспа ретінде пайдаланылатынын жеткізді.
Біз де сатылым туралы іздендік.
АҚШ, Испания, Украина, Ресей елдерінде Tribulus қоспасы онлайн арқылы кеңінен таралған. Қоспалар нарығы әсіресе Солтүстік Америка мен Еуропада елдерінде соңғы он жылдықта белсенді артқан. Дәстүрлі медицинада Үндістан мен Қытайда ғасырлар бойы үздіксіз қолданылады екен.
Қазақстанға жантақ өнімдерін сырттан жеткізетін 9 сауда белгісі бары белгілі болды. Бұдан бөлек елімізде дайындалған дәріханада сатуға рұқсат алған 3 серіктесітікті кездестірдік.. Жоғары қуатты нұсқасы қажет пе, басқа шөптер аралысып жасалған жасалған күрделі формулалы пефитопрепарат дейсіз бе, қалағаныңызға тапсырыс бересіз. Желінің арғы жағындағы өзін дәрігер деп таныстырған кеңесшіңіз дозасын оп-оңай онлайн тағайындап береді.
«Алтай жақта отшөп деп аталатын өсімдік бар. Тек түнде сәулеленіп көрінеді. Білетіндер «үлкен ауруға», сіздер рак дейсіздер ме, соған ем деп жатады. Бірақ «Қызыл кітапқа» енген ол шөп Қытай Халық республикасында мемлекеттік деңгейде қорғалады. Күндіз көрібейді, кешке, сыртына белгі ретінде жіп салып, күндіз алып жатқан жерінен құрықталған туысымыз түрмеге тоғытылғанын көзіміз көрді. Ол жақта кез-келген адам бірнеше халық емін, шөптер қоспасын жасауды біледі. Дәстүрден жеткен. Сіздер кішкене науқастансаңыздар, дәріханаға, дәрігерге жүгінеді екенсіздер. Біздің бабаларымыз да қаншама шөптер туралы білімдері болған ғой. Неге жаңғыртпасқа?». – дейді қандасымыз Құрманбай Әбірқайырұлы.
«Бірнеше ай болды қазақстандық жантақ шайын сатып жатырмын. Сұраныс көп. Жарнаманың қажет жоқ. Адамдар бір-бірінен естіп алып, ала береді. Шығырып жатқан өндіріс орны бізге сертификатын жіберді. Заңды дейді. Тұтынғандар тарапынан қанқысымы реттелді, қант мөлшері төмендеді деген сынды нәтижелер естіп жатамыз.
Таң қалатыным, Қазақстанның табиғи флорасында кездесетін шөптің пайдасын білген екен, тұрғындар неге сол қолжетімді затты алып, игілігін көрмейді. Мәселен, шәйдің 1 келісі бірнеше мың теңге. Саумалдың капсуласын ішіп жүргендер бар. Жалбызы бар кремдерге сұраныс артқан. Не көп, далада өсіп жатқан жантақ көп, кім алма деді. Жалбызды бақшаңа ек. Саумалды сауып тұрған жеріне барып іш. Жүгері шашы шашылып жатыр. Қанша ақшаны желге шашып. Осыны жұртқа айтамын», – дейді сатушы Айман Жүсіпәлі.
Жантақты ем ретінде қолданып жүрген жанның бірі Марал апа. Өзін емші деп таныстырған әйел жантақ қабынуға қарсы, антисептикалық әсері бар, жараларды емдеуге, бауыр, бүйрек, ас қорыту жүйесін реттеуге көмектесетінін айтады.
«Жантақ тамыз айында гүлдейді гүлі қызғылт түске енеді. Дәні бидай сияқты болады, Ер адамға аналығының, әйел адамға аталығының дәні ем болады».
Талшын Ақниетқызы жантақты екі жылдан бері қолданып, несеп жолдары жақсарғанын айтады. Ниет Жанарыстанқызы ісінуге қарсы екендігін бүйрек тастарды шығаруға септескенін айтса, Нұржамал Емберген қан қысымы қалыпқа түсіп, холестеринді төмендетуге ықпал ететінін жеткізді.
«DOAJ», «PubMed», «slovetres.si», «journaljpri.com» сайттары таратқан зерттеулерде ішек қабынуында пайдалы әсер көрсеткен. Alhagi желімі құрамынан алынған олигосахаридтер тышқандарда бауыр талшықтануына қарсы әсер еткен Alhagi maurorum-ның метанолды сығындысы егеуқұйрықтардың ауырсынуды басуға қабынуға қарсы және асқазан жарасын түзетуге ықпалдасқан. Өкініштісі, адамдарға қатысты нақты тұжырымдама мақұлданбаған.
«Business Turkmenistan Information Center» ақпарат арнасы түркіменстандық ғалымдар Alhagi экстрактісін микроинкапсуляциялау технологиясын жасап, оны фармацевтикалық препараттар мен функционалдық тағам ретінде қолдануға дайындау үстінде екендігін жазған. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қорқыт ата атындағы Қызылорда унверситетінің профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Нұрбол Аппазов жантақтың антиоксиданттық қасиеті бар, ағзадағы бос радикалдардың мөлшерін азайту арқылы қартаю процесін тежейтін, зиянды бактерияларға, ауру тудырғыш зең саңырауқұлақтарына қарсылық көрсететін қасиеттері барын анықтаған.
Қазақстандық кәсіпкер ион формасындағы жантақ сығындысын ойлап тауып, нарыққа шығарғанына көп болмаса да, шет елден де тұтынушылар тапқан.
Орта Азияда жантақты дәрігер нұсқамасынсыз қолданатын дәстүрлі ем түрі кеңнен тараған. Еуропаның кейбір елдерінде жантақтың қауіпсіздігіне қатысты шектеулер бар. Мысалы, Еуропалық емдік шөптер агенттігі жантақтың жапырақтары мен жемістерінің тағам қоспалары үшін кейбір қауіптерін бағалаған.
«Егер сіз шетелден Alhagi-ны диеталық қосымша немесе препарат ретінде қолданғыңыз келсе, әсіресе басқа дәрі-дәрмектер қабылдап жатсаңыз, оны дәрігермен немесе фитотерапевтпен талқылау маңызды.
Мәселен, құрамындағы көп таниндер мен сапониндер кейде асқазан ішек шырышты қабығына тітіркендіргіш әсер етуі мүмкін. Диарея, іш қату, жүрек айну сияқты белгілер болуы ықтимал. Зәр шығару көбейтуге қатысады, жүрек қан тамыр аурулары немесе бүйрек проблемалары бар адамдар үшін бұл қауіпті. Кез келген шөп сияқты, тері бөртпесі, қышу немесе тіпті дем алудың қиындауы сияқты аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін. Қауіпсіздігі жүктілік пен лактация кезінде зерттелмегендіктен, мүлде қолданбауға кеңес берер едім», – дейді дәрігер Мөлдір Алдасыберген.

Дайындаған Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
25 қараша 2025 ж. 14 0

Сенбідегі серпіліс

25 қараша 2025 ж. 13

Үйірменің үйретері көп

25 қараша 2025 ж. 12

Жантақ жараны жаза ма?

25 қараша 2025 ж. 15

Тазалық – басты талап

25 қараша 2025 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930