Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін ел аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Бүгін ел аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады

"Қазгидромет" РМК 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Фото: freepik
Синоптиктердің болжауынша, солтүстік циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағы арқылы жылжуды жалғастырады. Елдің көп бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек ҚР шығысына, оңтүстік-шығысына жауын-шашынсыз ауа-райын сақтай отырып, антициклон сілемі әсер етеді. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл болады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1 градус үсік жүреді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде де жоғары өрт қаупі болжанған.
Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында да төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында,орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
26 қыркүйек 2025 ж. 240 0

Үш облыста жол ашылды

10 наурыз 2026 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031