Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы интервьюерлерін sanaq.gov.kz сайты немесе 1446 нөмірі арқылы тексеруге болады

Ауыл шаруашылығы интервьюерлерін sanaq.gov.kz сайты немесе 1446 нөмірі арқылы тексеруге болады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының ең ауқымды – екінші кезеңі жалғасып жатыр. Еліміз бойынша 2,5 мыңнан астам Ұлттық статистика бюросының интервьюері елді мекендерді аралап, аграрлық салаға қатысты деректерді жинап жатыр.
Интервьюерлерді арнайы көгілдір түсті формасынан және бейджі бар қызметтік куәлігінен оңай тануға болады. Бейджде орналасқан QR код арқылы қызметкердің жеке басын бірден тексеруге мүмкіндік бар.

Сонымен қатар интервьюердің куәлік нөмірін sanaq.gov.kz сайтындағы «Интервьюерді іздеу» бөлімінде енгізу арқылы немесе 1446 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, ақпаратты нақтылауға болады.

«Біз халықты ақпараттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз, оның ішінде ауыл чаттары арқылы да хабарлап отырмыз. Біздің интервьюерлер жеке бастың немесе банк деректерін сұрамайды, барлық сауалдар тек санақ пен ауыл шаруашылығы тақырыбына қатысты. Біз тұрғындарды ашық әрі шынайы жауап беруге шақырамыз. Бұл деректер ауыл шаруашылығының жағдайын объективті бағалауға және қолдау шараларын айқындауға негіз болады», – деді Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенова.

Егер интервьюер келген кезде үйде ешкім болмаса, ол байланыс деректері көрсетілген хабарлама қалдырады. Мамандардың белгіленген мекенжайға бару фактісі GPS жүйесі арқылы тіркеледі. Жалпы, интервьюерлердің жұмысы тұрақты бақылауда. Әрқайсысына сауалнаманы дұрыс жүргізуді қадағалайтын нұсқаушылар бекітілген. Сондай-ақ өңірлерге Ұлттық статистика бюросының жұмыс тобының мүшелері шығып, санақтың жүргізілу тәртібі мен жиналған деректердің объективтілігін тексереді. Күн сайын деректердің сапасы бақылаудан өтеді, мұнда қателіктер анықталса, мысалы, респонденттің мекенжайы дұрыс енгізілмесе немесе көрсеткіштер күмәнді болса, түзетулер жасалады.

Ұлттық статистика бюросы барлық жауаптардың құпия сақталатынын және тек ресми статистиканы қалыптастыру үшін ғана пайдаланылатынын еске салады.

Ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі 20 қазанға дейін жалғасады.
25 қыркүйек 2025 ж. 230 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 148

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 164

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 177

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 161

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 139

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 178

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031