Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан командасы батуттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды

Қазақстан командасы батуттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды

Әлем кубогының кезеңі 21 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Батуттық гимнастикадан отандастарымыз әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Германияның Котбус қаласында өткен батуттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына жүлде түсті. Синхронды секіруден жұптық бәсекеде Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52.200 ұпай еншілеп, топ жарды.
Жарыс нәтижесі бойынша, Германия (әлем чемпионы Кайо Лаукстерман мен 2 дүркін әлем чемпионы Фабиан Фогель) 52.050 ұпаймен күміспен күптелсе, Ұлыбритания (әлем чемпионы Зак Перцаманос пен Еуропа чемпионы Кори Уолкс) 51.530 ұпаймен қола жүлдеге иелік етті.
Айта кетейік, отандастарымыз 2025 жылдың басында Әзербайжан еліндегі әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алған еді. Әлем кубогының кезеңі 21 қыркүйекте мәресіне жетеді.
21 қыркүйек 2025 ж. 28 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930