Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аустралияда жарқанаттан жаңа вирус анықталды

Аустралияда жарқанаттан жаңа вирус анықталды

Фото pixabay.com
Аустралиялық ғалымдар жарқанаттан «Salt Gully» деп аталатын жаңа патоген тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ The Telegraph-қа сілтеме жасап.
Зерттеушілердің айтуынша, вирус әзірге адамдар арасында тараған жоқ. Дегенмен ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басымдық беретін қауіпті патогендер тізіміндегі Nipah және Hendra вирустарымен байланысты.

Nipah вирусы алғаш рет 1999 жылы Малайзияда анықталған. Өлім-жітімі кей елдерде 71%-ға жеткен. Содан бері 750-ден астам адам жұқтырып, 435-і көз жұмған.
Hendra вирусы жарқанаттардан жылқыларға, одан адамдарға жұғып, ауыр ауруға әкеледі.

Аустралияның Ұлттық ғылыми агенттігі (CSIRO) «Salt Gully» вирусы 2011 жылы жиналған жарқанаттардың зәр үлгілерінен табылғанын мәлімдеді. Бұл оның табиғатта ұзақ уақыт бойы бар екенін, бірақ әзірге жануарлар мен адамдарға қауіптілігі дәлелденбегенін көрсетеді.

Қазіргі таңда халық арасында алаңдауға негіз жоқ. Вирус Hendra және Nipah-тағыдай бірдей жасушалық рецепторларды пайдаланбайды, демек, оның таралу механизмі өзгеше болуы мүмкін, – деді CSIRO ғалымы Дженнифер Барр.

Сингапурлық профессор Линфа Ванг та бұл жаңалық жарқанаттардың белгісіз вирустардың негізгі тасымалдаушысы ретіндегі рөлін тағы бір мәрте дәлелдейтінін айта келе, қазіргі деректер халық үшін тәуекелдің төмен екенін атап өтті.

Ғалымдар вирустың мінез-құлқын, жұғу жолдарын және ықтимал салдарын зерттеуді жалғастырып жатыр.
11 қыркүйек 2025 ж. 121 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930