Қазақстандықтар бүгін "қанды Ай" құбылысына куә болады

Сенбі күні кешке қазақстандықтар Айдың тұтылған сәтін көре алады. Мұндай құбылыс Ай Жердің көлеңкесінен өткен кезде болады және сол сәтте Ай өзінің кейпін уақытша өзгертеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдымен Ай сұрғылт реңкке енеді, содан кейін қызыл-қоңыр түске боялады дейді астрономдар. Дәл осы ерекшелігіне байланысты Ай толық тұтылуын көбіне “қанды Ай” деп атайды.
“Ай Жердің көлеңкесінде 1 сағат 22 минут болады. Алматыда бұл құбылыс 7 қыркүйек күні сағат 21:26-да басталады — Ай сол уақытта жартылай көлеңкеге енеді. Толық тұтылу фазасы сағат 22:29-да басталып, ең ашық әрі қанық түсі сағат 23:11-де байқалады”, – делінген хабарламада.
Ай тұтылған сәтін Қазақстанның барлық тұрғыны бақылай алады. Ол үшін телескоптың немесе арнайы құрылғылардың қажеті жоқ. Ерекше құбылысты жай көзбен-ақ көруге болады. Бастысы – аспан ашық болуы керек. Мұндай құбылысты енді тек бірнеше жылдан кейін қайталанады.
“Қанды Ай” құбылысы адам денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейді, бұл — ғарыш сыйлаған тамаша көрініс қана, – деп атап өтті астрономдар.