Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыркүйектен бастап барлық мектепте қауіпсіздік сабақтары өтеді

Қыркүйектен бастап барлық мектепте қауіпсіздік сабақтары өтеді

Сабақ апта сайын өтеді
Қыркүйектен бастап барлық мектепте қауіпсіздік сабақтары өтеді
Фото:
istockphoto.com
Биыл 1 қыркүйектен еліміздің барлық балабақшасы мен мектебінде жеке қауіпсіздік сабақтары қайта басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қауіпсіздік сабақтары балабақшадан бастап колледжге дейін білім берудің барлық деңгейін қамтиды. Әр жас ерекшелігіне бөлек блок әзірленген:
  • балабақша — шұғыл қызмет нөмірлерін білу, ойын және демалыс алаңдарындағы қауіпсіздік ережелері;
  • бастауыш сыныптар — судағы және мұздағы қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен кездескенде өзін ұстау, қаңғыбас иттерден қорғану;
  • орта буын сыныптары — буллинг пен кибербуллинг, қауіпті интернет-қызығушылықтары, бейтаныс адамдардың ұсыныстарынан бас тарту, өз іс-әрекетіне жауапкершілік қалыптастыру;
  • жоғары сыныптар мен колледждер — қаржылық сауаттылық, алаяқтардан қорғану, онлайн-ойындардағы тәуекелдер, еңбек қауіпсіздігі, өз құқықтары мен міндеттерін білу, жеке әрекеттері үшін жауапкершілік.
«Тәжірибе көрсеткендей, мұндай сабақтар балалардың мазасыздығын төмендетіп, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады және оларды өмірдегі, онлайн ортадағы күрделі жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретеді», – дейді Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Сабақ апта сайын сынып сағаты аясында 10 минутқа созылады және тақырыптар жылына үш рет қайталанады.
Айта кетері, жеке қауіпсіздік сабақтары 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар аясында енгізілген.



22 тамыз 2025 ж. 132 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031