Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде цифрлық штабтың жедел топ құрамы бекітілді

Елімізде цифрлық штабтың жедел топ құрамы бекітілді

Премьер-министр цифрлық трансформация (Цифрлық штаб) бойынша жедел топ құру туралы өкімге қол қойды. 
Photo credit: freepik.com
Жедел топтың құрамына кірді:

— Қазақстан Республикасының Премьер-министрі — төраға;
— Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының басшысы — Премьер-министрдің орынбасары;
— Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісім бойынша);
— Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі — төрағаның орынбасары;
— Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелерін қадағалайтын кеңесшісі (келісім бойынша);
— Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары — хатшы.
Топтың жұмыс органы — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын — «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы». Ол топ отырыстардың күн тәртібін әзірлейді және қажетті материалдарды дайындайды.

Жедел топтың отырыстары қажеттілікке қарай өткізіледі.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары топ шешімін орындамағаны немесе тиісті деңгейде орындамаған жағдайда жеке жауапкершілікке тартылады. 

Топтың міндеттері: 

— экономика саласын цифрлық трансформациялауды қамтамасыз ету;
— цифрландыру саласындағы жобалар бойынша мәселелерді қарастыру.

Топтың өкілеттіктері: 

— орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін міндетті шешімдер қабылдау;
— топтың отырыстарына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдерін шақыру.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Үкімет жанынан цифрлық трансформация бойынша топ құрылды. 

18 тамыз 2025 ж. 245 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031