Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Синоптиктердің түсіндіруінше, қазір Қазақстан аумағына циклондық белдеу әсер етіп жатыр.
Фото: PixabayФото: Pixabay

Қазақстан тұрғындарына алдағы 17 тамыз, жексенбі күні ауа райының қолайсыз болатыны ескертілді. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мамандардың айтуынша, солтүстік-батыстан келген циклон мен атмосфералық фронттар республика аумағында өз әсерін сақтап тұр.
  • Солтүстік пен орталықта – нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жел соғады
  • Кей аймақтарда – бұршақ жаууы мүмкін
  • Солтүстік-батыста және солтүстікте – түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.
Синоптиктердің түсіндіруінше, қазір Қазақстан аумағына циклондық белдеу әсер етіп жатыр. Ол бұлттылықты арттырып, тұрақсыз ауа райын қалыптастыруда. Әсіресе жаздың соңғы айында мұндай құбылыстар жиі байқалады.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға мына кеңестерді ұсынады:
  • Найзағай кезінде ашық далада ұзақ уақыт тұрмау;
  • Қатты жел соққанда ағаштың, ескі құрылыстың жанында жүрмеу;
  • Автокөлікті қауіпсіз жерге қою;
  • Бұршақ пен нөсер жауын кезінде үйден шықпауға тырысу.
17 тамыз 2025 ж. 286 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031