Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адалдық пен кәсібилік азаматтың басты қаруы

Адалдық пен кәсібилік азаматтың басты қаруы

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың республикалық тамыз конференциясы өтті. Жаңа оқу жылының басталуына орай заман талабына сай адамгершілігі жоғары, кәсіби құзыретті және әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағына бағдар беру мақсатындағы республикалық іс-шара «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналды.
– Ең алдымен, баршаңызға дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуы құтты болсын! Бұл – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру мәселесіне арналған өте маңызды басқосу.
Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін сеуіп, озық ойлы ұлт тәрбиелеп жүрсіздер. Халқымыздың зияткерлік қуатын арттыруға белсене атсалысып жатсыздар.
Бүгін мен еліміздегі ұстаздар қауымына шынайы ризашылығымды білдіремін! Шын мәнінде, Мұғалімдер мемлекеттік маңызы бар жұмысты атқарып жатыр. Ыбырай Алтынсарин «Жақсы оқытушыны бәрінен де қымбат көремін» деген. Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Маңызды конференция бірнеше негізгі бағытта өрбіді. Атап айтқанда, «Адал азамат» бағдарламасы аясында оқыту мен тәрбиелеудің интеграциясы мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар беру және болашақ (hard, soft, digital) дағдыларды қалыптастыру жөнінде қаузалды.
Сонымен қатар әдеп, қауіпсіздік және сапаны ескере отырып, орта білім беруге жасанды интеллектіні енгізу мен «Қазақстан балалары» стратегиясын жүзеге асыруда мүдделі органдардың өзара іс-қимылын дамыту және мектептерде инклюзивтік білім беру тәжірибесін жетілдіру жайлы айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әлем жаңа технологиялық дәуірге қадам басты. Оның басты нышанын инновацияның қарқынды дамуы мен жасанды интеллектінің өмірімізге дендеп енуінен байқауға болады. Сондықтан бүгінде «озық ойлы ұлт» пен «технологиялық ұлт» ұғымдары егіз.
Біздің міндетіміз – жаһандық үрдістерге бейімделу. Ол үшін білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияның қарқынын үдету өте маңызды. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні игеру білім саласындағы теңсіздікті еңсеріп, оқу сапасын айтарлықтай арттыруға үлес қосады» дегенді алға тартты.
Бұған қоса Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізу қажет. Мемлекеттің міндеті – мұғалімнің қоғамдағы беделін және мәртебесін мейлінше арттыру керек.
Ауқымды іс-шараға 1500-ден астам адам қатысты. Онда «Келешек мектептері», «Абай ұлттық мектебі», «Дарынды балалар – ел мақтанышы», «ТжКББ-дегі үздік тәжірибелер», «Білім берудегі цифрлық шешімдер» тақырыптық көрме аймақтары ұйымдастырылған. Сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру жүйесіне енгізуге арналған ауқымды экспозиция, оның ішінде цифрлық құралдар, интерактивті платформалар, әдістемелік әзірлемелер мен икемді әрі тиімді оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін таныстыратын технологиялар ұсынылды.
Конференция қорытындысы бойынша педагог мәртебесін арттыруға бағытталған қарар қабылданды. Салтанатты бөлімде білім беру саласының үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Дайындаған Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
16 тамыз 2025 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031