Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зияткерлік ойында – зор жетістік

Зияткерлік ойында – зор жетістік

Ұлттық ойын – ұлт рухын оятады. Бүгінде қазақтың төл мұрасы саналатын тоғызқұмалақ тек ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де танымалдыққа ие болып келеді. Соның бір айғағы – тамыз айының 1-11 күндері аралығында Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында өткен халықаралық турнир.
Тоғызқұмалақтан бұл турнирде Қазақстан құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетті. Жарысқа Моңғолия, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қытай елдерінен 13, 15, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысып, ұлттық зияткерлік ойынның мәртебесін көтерді. Турнирді Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Моңғолия Тоғызқұмалақ Федерациясы бірлесе ұйымдастырды.
Аталған халықаралық додада Қазалы ауданының намысын қорғаған ҚР жасөспірімдер құрамасының мүшесі Көркем Асқарқызы рапид (жедел) түрінен жекелей есепте күміс жүлдеге ие болды. Оған бұл додада жол көрсеткен – Қазалы спорт клубының жаттықтырушысы Сәбит Шүленбаев.
Жерлесіміздің бұл жетістігі – аудан спортында тоғызқұмалақтың дамып келе жатқанын көрсететін айқын дәлел. Зияткерлік ойын арқылы ел намысын қорғап, абырой әкелу – үлкен жауапкершілік. Көркемнің табандылығы мен жаттықтырушысының бағыт-бағдары жас спортшының болашағынан зор үміт күттіретінін көрсетеді. Талапты жастың алдағы жарыстарда да табысты болуын тілейміз.
А. ЖҮСІПОВА
16 тамыз 2025 ж. 31 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031