Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 100-ден астам кәсіпкер мемлекеттік грант қаржысын мақсатсыз пайдаланған

Қызылордада 100-ден астам кәсіпкер мемлекеттік грант қаржысын мақсатсыз пайдаланған

Қызылорда облысында субсидияланатын жұмыс орындарының шынайылығына мониторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындысын облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жариялады.
Фото: Pixabay.com
Белгілі болғандай, 160 адам субсидияланатын жұмыс орындарынан босатылып, 193,1 млн. теңге бюджет қаражаты сақталып қалды. 

- Жалған табель тапсырып, жалақы төленген 6 адамнан 2,2 млн теңге бюджетке қайтарылды. Өткен жылы грант қаржысын алып, кәсіп ашқан 1 556 жеке кәсіпкердің бизнес жоспарының орындалуын тексердік. Нәтижесінде 104 кәсіпкердің 143,8 млн теңгені мақсатсыз пайдаланғаны анықталды. 10 адамға төленген 6,7 млн теңге бюджетке кері қайтарылды. Порталда жалған есептілік ұсынған 94 адамның іс құжаты сот қарауына жолданды. Бүгінгі күні 75 адамнан 110,2 млн теңге грант қаражатын мемлекет пайдасына өндіру туралы сот шешімдері шығарылды, - деді басқарма басшысы Ғабит Жаңабаев. 

Ал 19 адамға қатысты сот процесі әлі аяқталған жоқ. 

Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова субсидияланатын жұмыс орындарының екі бағыты қысқартылатынын мәлім еткен болатын. 
13 тамыз 2025 ж. 353 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930