Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр қыркүйектен бастап Қазақстан оқушыларын қандай жаңалық күтіп тұрғанын айтты

Министр қыркүйектен бастап Қазақстан оқушыларын қандай жаңалық күтіп тұрғанын айтты

Биыл 341 мың бала мектеп табалдырығын аттайды
Министр қыркүйектен бастап Қазақстан оқушыларын қандай жаңалық күтіп тұрғанын айтты
Фото: i
stockphoto.com
Алдымыздағы жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық мектепте жасанды интеллект енеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жаңа оқу жылының ерекшелігі – орта білім беру жүйесіне  жасанды интеллект енеді. Ол үшін «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект интеграцияланды, этикалық стандарттары бекітілді.  1-11-сынып оқушыларына арналған Дэй-оф-эй-ай («Day of Al») онлайн курстары және педагогтерге арналған курстар әзірленді», - деді министр Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, қыркүйектен бастап «Келешек мектептері» моделін басқару жүйесі іске қосылады.
«Осы мақсатта «Келешек мектептерін» басқарудың және аккредиттеудің стандарттары әзірленген. Онда үш деңгейлі курстардан өткен 3 мыңнан астам педагог жаңа оқу жылында жаңаша жұмыс бастайды», - деді Бейсембаев.
Министрдің ақпаратынша, биыл елімізде 8 мыңан аса мектепте 4,1 миллион оқушы білім алады. Биыл 341 мың бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданады. 11-ші сыныпқа 232 мың оқушы өтті.



12 тамыз 2025 ж. 301 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031