Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кімдер көлік салығынан босатылады: Толық тізім

Қазақстанда кімдер көлік салығынан босатылады: Толық тізім

Фото:depositphotos.com
2025 жылғы 18 шілдеде Президент жаңа Салық кодексіне қол қойды. Өзгеріс 2026 жылғы 1-қаңтардан бастап күшіне енеді және бірқатар жеңілдік алушылар үшін көлік салығын жояды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp buttontelegram buttonfacebook buttoncopyLink button
Иконка комментария блок соц сети0
Салықтан толық босатылатындар

Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар, соның ішінде шетелдегі ұрыс қимылдарына қатысқандар;
КСРО ордендері мен медальдарымен еңбек және майдандағы қызметі үшін марапатталғандар;
Кеңес Одағының Батырлары және Социалистік Еңбек Ерлері;
"Халық қаһарманы" және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иегерлері;
Үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің кавалерлері;
"Отан" орденінің иегерлері;
"Батыр ана" орденімен немесе "Алтын алқа", "Күміс алқа" марапаттарымен наградталған көпбалалы аналар;
Мотоколяскаға немесе автокөлікке ие мүгедектігі бар адамдар (жеңілдік бір көлік құралына ғана қолданылады).


Ұйымдар үшін:

Мемлекеттік органдар мен оқу орындары – қозғалтқыш көлемі 3 000 текше сантиметрге дейінгі бір автокөлік пен бір автобусқа;

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен фермерлер – агроөндірісте қолданылатын арнайы техникаға.

Қосымша:

Ескі көліктерге салық жеңілдігі: 10–20 жылдық көліктерге – 30%, 20 жылдан асқан көліктерге – 50% жеңілдік; Құны 18 000 АЕК-тен (шамамен 70,8 млн теңге) асатын автокөлікті сатқанда 10% акциз енгізіледі. Егер иесі көлікті бір жылдан артық уақыт иеленсе – акциз алынбайды.

Еске салайық, шілденің ортасында Тоқаев жаңа Салық кодексіне қол қойған болатын. Барлық толық мәліметті жоғарыдағы сілтеме арқылы білуге болады.
11 тамыз 2025 ж. 418 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930