Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда Қазақстанның туы көтерілді

Жапонияда Қазақстанның туы көтерілді

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған қазақстандық делегация EXPO 2025 Osaka дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның Ұлттық күні аясындағы іс-шараларға қатысты.
Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі
EXPO National Day Hall алаңында министр А.Шаққалиев пен Osaka EXPO 2025 қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының туын көтеру рәсімі өтті.

Арман Шаққалиев Жапония үкіметіне және көрмені ұйымдастыру комитетіне жоғары деңгейде дайындық пен қонақжайлылық үшін алғыс айтып, шараның қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Бұл – өңірлердің географиялық қашықтығына қарамастан, рухани жақындығымызды білдіреді. Бізді дәстүрлер мен аға буынға деген құрмет, білім мен еңбекке деген жоғары мән біріктіреді», – деді министр.

Ол сондай-ақ 1991 жылдан бері Қазақстан мен Жапония арасында сауда, инвестиция, ғылым, білім, экология және технология салаларында тұрақты ынтымақтастық дамып келе жатқанын атап өтті.

Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Акиёси Като өз сөзінде мәдени алмасудың өзара түсіністік пен екіжақты байланыстарды нығайтудағы рөлін атап өтіп, Қазақстанның Ұлттық күнімен құттықтады.

EXPO аумағында қазақстандық балуан, төрт дүркін әлем рекордшысы Сергей Цырульников, ұлттық киімдегі әртістер мен батырлар қатысқан шеру өтті. Кешкісін Expo Hall Shining Hat сахнасында Дина Нұрпейісова атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі, Sarmad және Art Dombyra ансамбльдері, опера солистері Зарина Алтынбаева мен Алтынбек Әбілда, «Бірлік» ансамблі және басқа да әртістердің қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Шараны шамамен 3 мың көрермен тамашалады.

Сонымен қатар көрме аумағында Астана қаласы мен Ұлытау өңірінің инвестициялық және туристік әлеуетін танытатын стендтер қойылды. Қазақстандық павильонға келушілер саны 900 мыңға жетті.

Айта кетейік, Жапонияда жер сілкінісінен кейін бес кит жағаға шығып қалды.

11 тамыз 2025 ж. 266 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 143

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031