Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамы бойынша, 2025 жылы 11 тамызда, дүйсенбіде Қазақстандағы ауа райын антициклон анықтайтын болады. Еліміздің оңтүстік бөлігінде аптап ыстық күтіледі, деп жазады turkystan.kz.
Түркістан облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 11 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 11 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 11-13 тамызда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматы қ.: 11-13 тамызда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Қонаев қ.: 11-13 тамызда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 11 тамызда жоғары өрт қаупі күтіледі.