Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Mpox вирусы: маймыл шешегі тарап жатыр

Mpox вирусы: маймыл шешегі тарап жатыр

Сурет: apa.az
Ганада маймыл шешегі тарап, билік дабыл қақты.
Африкадағы Гана елінде маймыл шешегі (Mpox) вирусы өршіп барады. Мамыр айынан бері жұқтырғандардың жалпы саны 302-ге жеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Анадолы сайтына сілтеме жасап.
Маймыл шешегі бойынша тағы 20 жаңа жағдайы тіркелген.
Гана Денсаулық сақтау қызметінің (GHS) мәлімдеуінше, өткен аптада індет басталғалы бері науқастар саны көбейе түскен. Осыған дейін бұл вирус өлімге әкелмеген болса, 28 шілдеде алғашқы өлім жағдайы тіркелді.
Мәлімдемеде вирус негізінен жұқтырған адаммен тығыз физикалық байланыс кезінде таралатыны атап көрсетілген. Билік халықты сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. Қандай да бір жағдай болса, бірден дәрігерге қаралуды ескертті.
Маймыл шешегі Ганада 19 мамырда төрт адамнан анықталған болатын. Содан бері үкімет вирус таралуының алдын алу мақсатында жоғары қауіп тобына жататын адамдарды вакцинациялау науқанын жүргізіп келеді.

05 тамыз 2025 ж. 320 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 15

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031