Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутат тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

Депутат тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

Бүгін аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұркен Ботабаев партияның қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік сипаттағы бірқатар мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, мүгедектігі бар азаматтардың балаларына жаңа оқу жылына дайындалуға материалдық көмек көрсету, сондай-ақ тұрақты жұмыспен қамтуға қатысты өтініштер түсті.

Халық қалаулысы көтерілген әрбір мәселені мұқият тыңдап, шешу жолдарын қарастырды. Жаңа оқу жылына дайындық аясында көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету үшін тиісті сала өкілдерімен бірлесіп жұмыс жасайтындығын, мүмкіндігінше қолдау көрсететінін атап өтті. Жұмыспен қамту бағытында депутат мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өтініш иелеріне қажетті кеңес берді.

#AMANAT
01 тамыз 2025 ж. 320 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930