Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл қанша қазақстандықтың үйіне газ тартылады

Биыл қанша қазақстандықтың үйіне газ тартылады

Күзде «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры іске қосылады
Биыл қанша қазақстандықтың үйіне газ тартылады
Фото:
istockphoto.com
Биыл еліміздің 300 мыңнан астам азаматы көгілдір отынмен қамтылады. Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта 7,6 млн тонна мұнай өнімдері өндірілген, жылдық жоспар – 14,8 млн тонна.
«Биыл 62 млрд м³ газ өндіру жоспарланған. 94 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі, 300 мыңнан астам адам көгілдір отынға қол жеткізеді. Қыркүйек айында ұзындығы 302 км болатын «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры іске қосылады, бұл 60-тан астам елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ол Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Скляр сәуір айында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісі салына бастағанын атап өтті. Оны келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.



31 шілде 2025 ж. 329 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930