Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам саудасы тыйылар емес: жарты жылда 285 іс тіркелді

Адам саудасы тыйылар емес: жарты жылда 285 іс тіркелді

Бүгін — Дүниежүзілік адам саудасымен күрес күні. Елімізде жыл басынан бері адам саудасына қатысты 285 қылмыстық іс тіркелген. Оның 28-і кәмелет жасына толмаған балаларға байланысты.
Фото: Canva
Ал былтыр дәл осындай 445 іс қозғалған. Бұл — Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында көрсетілген мәлімет.
— Қылмыстық кодексте адам саудасына байланысты қылмыс үшін жауапкершілік 8-бапта көзделген (116-бап, 125-бап 3-бөлім 2-тармақ; 126-бап 3-бөлім 2-тармақ; 128, 134, 135, 308, 309). Осы баптар бойынша қылмыскердің мүлкі тәркіленеді, ең жоғарғы жаза — 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Мұндай жаза өте қатал және басқа ауыр қылмыс үшін көзделген жазамен сәйкес келеді, — дейді ІІМ мамандары Kazinform-ге ресми сауалына берген жауабында.
Мамандар бұл қылмыс, ең алдымен қандай адамдарды нысанаға алатынын айтты.
— Тәжірибе көрсеткендей, халықтың әлеуметтік осал топтары: жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар, жұмыссыздар, үйсіздер, мүмкіндігі шектеулі жандар, заңсыз мигранттар — адам саудасының жиі құрбанына айналады, — дейді олар.
Мұндай жағдайларға тап болуға ықпал ететін факторлар:
• ақпараттың жеткіліксіздігі
• құқықтық сауаттылықтың төмендігі
• арзан жұмыс күшіне сұраныс
• интернеттің әсері
• жеңіл ақша табуға және «әдемі өмір сүруге» ұмтылу
• сондай-ақ шетелдіктердің заңсыз мәртебесі және басқа да себептер.
Адам саудасының құрбандарына мемлекеттік бюджет есебінен көмек көрсетіледі.— Зардап шеккендерге 8 түрлі қызмет ұсынылады: әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық және құқықтық көмек. Осындай қызметтер қылмыстық іс қозғалған-қозғалмағанына қарамастан көрсетіледі. Бұдан бөлек, адам саудасының құрбаны азаматтық заңнама шеңберінде материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы. Бұл туралы оны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатқан тұлға міндетті түрде хабардар етеді, — делінген жауапта.Айта кетейік, бірер күн бұрын ІІМ адам саудасына қатысы бар екі қылмыстық топты ұстады. 

30 шілде 2025 ж. 158 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031