Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қапырық ыстық пен найзағай: 28 шілдеде Қазақстан қалаларында ауа райы қандай?

Қапырық ыстық пен найзағай: 28 шілдеде Қазақстан қалаларында ауа райы қандай?

Фото:depositphotos.com
"Қазгидромет" синоптиктері 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің бірнеше өңірінде найзағай, кей жерлерде бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Оңтүстікте аптап ыстық сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астана – ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C.
Алматы – ауыспалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін. Түнде +23…+25°C, күндіз аптап ыстық +33…+35°C.
Шымкент – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +34…+36°C.
Ақтау – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +31…+33°C.
Ақтөбе – бұлтты, күндіз жаңбыр. Жел 7–12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +19…+21°C.
Атырау – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел түнде 1–6 м/с, күндіз 9–14 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.
Жезқазған – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.
Қарағанды – ауыспалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр, найзағай. Жел түнде 9–14 м/с, күндіз 6–11 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.
Көкшетау – ауыспалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +24…+26°C.
Қостанай – бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.
Қызылорда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
Павлодар – ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +29…+31°C.
Петропавл – ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай, тұман. Жел түнде 7–12 м/с, күндіз 9–14 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +24…+26°C.
Семей – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с, түнде екпіні 15–18 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз аптап ыстық +33…+35°C.
Талдықорған – ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел 5–10 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
Тараз – ауыспалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +35…+37°C.
Түркістан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +35…+37°C.
Орал – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 18 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.
Өскемен – ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең өткінші жаңбыр, найзағай. Жел 5–10 м/с, екпіні 15–18 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз аптап ыстық +33…+35°C.
Шілдедегі ауа райы

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылғы шілде айына арналған кеңес сипатындағы болжамды ұсынған болатын. Жорамал бойынша, шілде айы тұрақсыз ауа райымен ерекшеленбек: еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі.
28 шілде 2025 ж. 129 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031