Қазақстанда күн күрт суытып, жауын-шашын болады
Мәліметтер бойынша, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр жауады.
Фото: Pexels

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2025 жылдың 29, 30 және 31 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жарияланған мәлімдемеге сәйкес, айдың соңғы күндері Қазақстандағы ауа райы жағдайына үлкен циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
Жарияланған мәлімдемеге сәйкес, айдың соңғы күндері Қазақстандағы ауа райы жағдайына үлкен циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
Осылайша, тұрақсыз ауа райы күтіледі: жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
"Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық облыстарда, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады" , делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Жалпы республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғады.
Айта кетейік, солтүстік облыстарда ауа температурасы +18...+23°С дейін төмендейді.
"Қалған аумақта температураның айтарлықтай ауытқуы болжанбайды", – деп түсіндірді метеорологтар.