Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оралда семинар-тренинг өтті

Оралда семинар-тренинг өтті

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Halyk Bank серіктестігінде 2025 жылдың 11 шілдесінде Орал қаласында қазақ журналистер үшін «Halyk»-пен қаржылық сауат» тақырыбына семинар-тренинг өткізді. Аталған семинарға Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысындағы қазақша ақпарат тарататын БАҚ өкілдері қатысты. Семинар-тренингтің басты мақсаты — БАҚ өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыру.

Семинарда Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Қор туралы ақпарат бере келе, қаржылық сауатты арттыруға бағытталған жоба қазақ журналистермен қатар Қазақ қоғамының да қаржылық сауатын жетілдіруге көмектесетінін жеткізді.

«Түркітілдес журналистер қоры 2017 жылдан бері Халық банкімен бірге республикалық «Еркін сөз» байқауын өткізіп келеді. Биыл 9-рет болатын Байқауды ұйымдастыру барысында біз БАҚ өкілдерінің көпшілігі қаржылық сауатын жетілдіруге мүдделі екенін байқадық. Осыған орай, Халық банкінің басшылығына Қазақстанның барлық қаласНәзия Жоямергенқызының айтуынша, ында қаржылық сауатқа қатысты семинар-тренинг өткізуге ұысыныс білдірдік. Бұл ұсыныстың қолдау тапқанына қуаныштымыз. Өйткені семинарға қатысқан әрбір журналист өз отбасы, туған-туыстарымен бірге бүкіл Қазақстанның қаржылық сауатын жақсартуға үлес қосады».

Halyk Bank Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Ринат Губашев қаржылық алаяқтар көп жағдайда TeamViewer, AnyDesk, RustDesk, Hopto Desk, RuDesktop-ты жүктеп алуды ұсынатынын, Ондай арбауларға алданбау қажет. Үлкен кісілер ұялы телефондарын балаларға ойнауға береді. Бұл да дұрыс емес. Кішкентайлар сырттан келген сілтемелерді басып, қауіпті сайттарға өтеді. Осының салдарынан жеке мәліметтер алаяқтарға қолжетімді болады», — деді.

Семинар барысында журналистер медиада жасанды интеллектті пайдалану, кәсіби этика, фотовизуализация: SnapEdit, Canva AI, deepfake және deepware, dата журналистика: Grok, Gemini, «YouTube-2025: жаңа трендтер», монетизация, кіріс көзін диверсификациялау т.б. туралы айтылды. Қатысушылар жасанды интеллект көмегімен авторлық сайт ашып, ниша таңдап, контент қалыптастырды.

Түркітілдес журналистер қорының Halyk Bank серіктестігіндегі «Halyk-пен қаржылық сауат» жобасы 2024 жылы басталған. Жоба шеңберінде Қазақстанның 6 қаласы: Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент пен Түркістанда қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ өкілдеріне қаржылық сауатты арттыруға сеп болатын семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Биыл Орал, Қостанай, Семей, Тараз, Өскемен қалаларында жоспарланған. Семинарға қатысқан журналистер Түркітілдес журналситер қорының Halyk Bank-пен бірге 2017 жылдан бері қаржы тақырыбына өткізіп келе жатқан республикалық «Еркін сөз» байқауына қатыса алады. Байқау жеңімпаздары Алматыда өтетін марапаттау салтанатына шақырылады.

27 шілде 2025 ж. 141 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031