2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы қанша пайызға өсетіні белгілі болды
Министрліктің ресми жауабында келтірілген деректерге сүйенсек, келесі жылы әлеуметтік төлемдерге 6,8 триллион теңге бағытталады.

Министрліктің ресми жауабында келтірілген деректерге сүйенсек, келесі жылы әлеуметтік төлемдерге 6,8 триллион теңге бағытталады. Бұл – 2025 жылғы көлеммен салыстырғанда 860,5 миллиард теңгеге артық.
Қаражаттың негізгі бөлігі 622,6 миллиард теңге төлемдерді индекстеуге жұмсалмақ. Ал 237,9 миллиард теңге жәрдемақы алушылар санының көбеюіне байланысты бөлінеді.
Қандай төлемдер өзгереді?
2026 жылы 10,5%-ға өсетін төлемдер қатарына келесі жәрдемақы түрлері кіреді:
- ынтымақты және базалық зейнетақы;
- мүгедектігі бар азаматтарға берілетін жәрдемақылар;
- асыраушысынан айырылғандар үшін мемлекеттік төлемдер;
- балалы отбасыларға арналған жәрдемақылар (бала туу, 1,5 жасқа дейінгі күтім, мүгедек баланы тәрбиелеу, көпбалалы отбасыларға арналған);
- арнаулы мемлекеттік және кәсіби жәрдемақылар;
- І топ мүгедектеріне күтім көрсететіндерге арналған төлемдер;
- №1 және №2 тізімдер бойынша арнайы төлемдер;
- жерлеу рәсіміне төленетін жәрдемақылар.
2025 жылғы негізгі көрсеткіштер қандай?
Қазіргі таңда әлеуметтік төлемдер келесі мөлшерде белгіленген:
- ең төменгі күнкөріс деңгейі – 46 228 теңге;
- ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге;
- базалық зейнетақы – 32 360 теңге;
- ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге.
- бірінші, екінші және үшінші бала үшін – 149 416 теңге (38 АЕК);
- төртінші және одан кейінгі бала үшін – 247 716 теңге (63 АЕК).
- 1-балаға – 22 648 теңге;
- 2-балаға – 26 777 теңге;
- 3-балаға – 30 867 теңге;
- 4-балаға – 34 335 теңге.
- 4 бала – 63 030 теңге;
- 5 бала – 78 798 теңге;
- 6 бала – 94 565 теңге;
- 7 бала – 110 332 теңге.
Аналарға арналған марапаттық жәрдемақылар:
- "Алтын алқа", "Батыр ана", "Ана даңқы" I және II дәрежесі – 29 097 теңге;
- "Күміс алқа" иегерлеріне – 25 165 теңге.
- 7 жасқа дейінгі бала – 74 428 теңге;
- 7–18 жас аралығындағы және ересек жастағы азаматтар:
- I топ – 101 702 теңге;
- II топ – 84 598 теңге;
- III топ – 74 428 теңге;
- I топ – 101 702 теңге;
- II топ – 84 598 теңге;
- III топ – 74 428 теңге.