Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтанда ең көп сатылған дәрі анықталды

Қазақтанда ең көп сатылған дәрі анықталды

Фото: istockphoto.com
Қазақстандықтар қандай медициналық препараттарды жиі сатып алатыны белгілі болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министлігі.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу мемлекетке ашық бақылау мүмкіндігін берген.

"Енді әр қаптаманың қозғалысын өндірістен сатуға дейін бақылауға болады. Бұл тұтынушылар үшін қауіпсіздікті арттырып қана қоймай, қазақстандықтардың қашан және қандай препараттарды сатып алатыны туралы нақты деректерді талдауға мүмкіндік берді", - дейді ДСМ өкілдері.

Министрлік келтірген деректерге сүйенсек, елімізде ең көп сатылатын таңбаланған препарат – парацетамол. Оның 3 миллионға жуық пакеті сатылған. Бұдан кейін ең көп сатылатын препараттар – натрий хлориді, этил спирті, ацетилсалицил қышқылы және Цитрамон П.

Бір жылдың ішінде барлығы 417 млн дәрілік заттың қаптамасы таңбаланған, бұл нарықтың 60 пайыздан астамын құрайды. Олардың ішінде 252 млн – импорттық препараттар, 165 млн қаптама Қазақстанда өндірілген.

Tañba тауарларын таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторлары жүйесінің мәліметтеріне сәйкес, ең үлкен сұраныс аптаның ортасында болады. Көбінесе қазақстандықтар дәрі-дәрмектерді сейсенбі мен сәрсенбіде сатып алады.

Демалыс күндері сұраныс төмендеса, дүйсенбіден бастап сұраныс өсе бастайды.

Еліміздің барлық өңірлерінде бір жылда 107 млн бірлік дәрілік зат сатылған. Ең көп таңбаланған препараттар бір жылда Алматы қаласында сатылған – 14,1 млн қаптама.

Екінші орында Қарағанды облысы – 9,2 млн қаптама, үшінші орында – Шымкент – 4,9 млн қаптама.

21 шілде 2025 ж. 138 0

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031