Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » +46 градусқа дейін ыстық: ТЖМ ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңіріне ескерту жариялады

+46 градусқа дейін ыстық: ТЖМ ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңіріне ескерту жариялады

Сурет: yarnews.net
ТЖМ еліміздің кейбір аймақтарында өрт шығу қаупі бар екенін ескертті.
Бүгін 20 шілде ауа температурасы 45-46 градусқа дейін көтерілетіні айтылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) бірнеше өңірге ескерту жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, ыстық аймақтарда өрт шығу қаупі жоғары. Аптап ыстық елімізде 22 шілдеге дейін созылады.
ТЖМ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Түркістан, БҚО, Маңғыстау, Жамбыл және Жетісу облыстарында + 45 ° дейін ыстық болатынын ескертті.
Түркістан облысында ауа температурасы 44 градусқа дейін, ал өңірдің оңтүстігінде 46 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өрт шығу қаупі жоғары.
Ал Қызылорда облысында ауа температурасы 45 градусқа дейін жетеді.
ТЖМ Түркістан мен Қызылорда облыстарында 20 шілдеде шаңды дауыл тұратынын, оның екпіні 20-23 м/с дейін күшейетінін ескертті.
Атырау мен Маңғыстау облыстарында ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі. Ал Жамбыл облысында 43 градусқа дейін ыстық болады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында 42 градусқа дейін күн ысиды. Алматы мен Жетісу облыстарында да дәл осындай ыстық болады.
Алматы қаласында ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі.
20 шілде 2025 ж. 143 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031