20 шілдеде бес қалада ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет
Бұл қалаларда қолайсыз метеожағдай болады
Фото: © istockphoto.com

2025 жылғы 20 шілдеде еліміздің Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана және Қостанай қалаларында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМКмәліметіне сілтеме жасап.
Метеорологтар болжамынша, Қостанайда НМЖ түнгі уақытта байқалады, ал қалған қалаларда тәуліктің күндізгі және кешкі мезгілдерінде болуы мүмкін.
Қолайсыз метеожағдай дегеніміз не?
Қолайсыз метеожағдай – бұл белгілі бір ауа райы құбылыстарының (штиль, тұман, инверсия, баяу жел) жиынтығы, атмосфераның төменгі қабаттарында зиянды заттардың шоғырлануына себеп болады.
Мұндай жағдайда:
Ауада зиянды қалдықтар көп жиналады
Атмосфера өзін-өзі тазарта алмайды
Тыныс алу жүйесі сыр беріп, аллергия, бас айналу байқалуы мүмкін.
Қолайсыз метеожағдайға қандай ауа райы факторлары әсер етеді?
Қолайсыз метеожағдайдың туындауына әсер ететін негізгі метеорологиялық жағдайлар:
Желдің жоқтығы немесе тым баяу соғуы
Ауа қабаттарындағы температуралық инверсия
Жоғары ылғалдылық және тұман
Жауын-шашынның болмауы
Осы факторлар елдімекендердегі ауа құрамының нашарлауына және тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіреді.
Қауіпсіздік үшін не істеу керек?
Балалар мен егде адамдарды далаға көп шығармау
Терезені мүмкіндігінше аз ашу
Тыныс алу жолдарын қорғау үшін медициналық маска немесе дымқыл мата қолдану
Су ішуді көбейту және көкөніс-жеміс тұтыну.