Жұлдыз-жорамал: Бүгін сізді не күтіп тұр?

Photo: pixabay.com
Астрологтар 2025 жылғы 20 шілде, жексенбіге арналған жұлдыз-жорамалын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір)
Тоқтылар бүгін ерекше белсенді болады. Дегенмен, жұлдыздар оларды асығыс шешімдерден сақ болуға шақырады. Эмоция жетегіне ермей, әр қадамыңызды байыппен бағамдаңыз. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» қағидасы сізге дәл бүгін ауадай қажет.
Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр)
Торпақтар үшін табысты күн. Сізге шешімділік, мақсаткерлік пен көрегендік серік болады. Бүгін күрделі мәселені оңай шеше аласыз, сонымен қатар жақындарыңызға да көмек көрсетуден тартынбайсыз.
Егіздер (21 мамыр – 20 маусым)
Бүгінгі күн Егіздерге мол мүмкіндіктер ұсынады. Ең бастысы — оларды жіберіп алмау. Үйде отырмай, белсенді болуға тырысыңыз. Іс-шараларға қатысыңыз, жаңа адамдармен танысыңыз — сәттілік сізге серік болады.
Шаян (21 маусым – 22 шілде)
Шаяндарға тыныштық қажет. Күнді жалғыз өткізіп, ішкі жан дүниеңізге үңілуге тырысыңыз. Жай ғана ванна қабылдау, хош иісті шырақ жағу немесе кітап оқу — бәрі сізге рухани тыныштық әкеледі.
Арыстан (23 шілде – 22 тамыз)
Арыстандар бүгінгі күні өзін ерекше үйлесімді сезінеді. Жақындарыңызбен араласуға, шығармашылықпен айналысуға, жаңа таныстықтарға өте қолайлы уақыт. Позитивті энергияңыз айналаңызға жұғады.
Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек)
Бикештер үшін бұл күн — мансап пен мақсатқа жетуге арналған тамаша мүмкіндік. Ұйымшылдық пен жауапкершілік сізді алға бастайды. Бірақ айналаңыздағы адамдарға сенім арта бермеңіз — бүгін бәріне өзіңіз жауаптысыз.
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Таразылар үшін бастапқыда сәтсіз көрінген жағдайлар оң нәтижеге алып келуі мүмкін. Кейде өмір тосын сыйларымен таңғалдыра алады. Әр оқиғаның артында бір мүмкіндік жатқанын ұмытпаңыз.
Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)
Сарышаяндар үшін бұл — күрделі, бірақ мүмкіндікке толы күн. Қиындықтар сізді тоқтатпайды, керісінше, қайраттандырады. Қарсыластар мен кедергілер сізді алға жетелейді — бүгін жеңіске жету өз қолыңызда.
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Бүгін сізге тиімді ұсыныс түсуі мүмкін. Бірақ асығыстық танытпаңыз — алдымен толық ақпарат жинап, содан кейін ғана шешім қабылдаңыз. Бүгін әрбір ұсақ-түйек маңызды.
Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)
Тауешкілер күнделікті істерге тым байыппен қарап, өздерін қажытып алуы мүмкін. Шамадан тыс мінсіздікке ұмтылу — артық стресс. Кішкене жайбарақаттық пен әзіл-оспақ сізге ауадай қажет.
Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан)
Суқұйғыштарға жұлдыздар тосынсый уәде етеді: күтпеген табыс, қызметтік өсім немесе жағымды кездесу болуы мүмкін. Алайда тым өзімшіл болудан сақтаныңыз — жетістігіңіз өзгелердің қызғанышын тудыруы ықтимал.
Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)
Балықтар үшін бұл — эмоция мен рухани байланысқа толы күн. Жақындарыңызбен уақыт өткізу, шынайы әңгіме немесе жай ғана жанға жайлы кеш — бәрі сізге позитив пен ішкі тепе-теңдік сыйлайды.